Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен онлайн режимде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық әкімдіктің халықты жұмыспен қамту мекемесі, аудандық орталық аурухананың кеңес беру диогностика бөлімі, санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, аудандық Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есеп және еңбек қатынастары секторы, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік коорпарациясы коммерциялық емес АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының Жер кадастры және жылжымайтын мүліктер бойынша Бәйдібек аудандық тіркеу бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері, бөлімше басшылары мен меңгерушілері қатысты.
Бәйдібек ауданы әкімдігінің facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде өткізілген жәрмеңке барысында азаматтар мемлекеттік қызмет алу мәселелері бойынша кеңестер мен қойылған сұрақтарға жауаптар алды.
Іс-шара соңында Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің бас маманы Жансая Смайлова мемлекеттік қызметтерді электрондық формата көрсетуді насихаттау бойынша және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын басқа да бөлімдер мен мекемелерді қатыстра отырып, онлайн форматтағы жәрмеңкенің алдағы уақытта да өткізілетіндігін хабарлады.