Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы мақта алқаптарында жиын-терім жұмыстары қызу жүруде. Биыл ауданда 7122 га мақта дақылы егілді. Атап айтар болсақ, Төрткөл а/о – 4385 га; Бөген а/о – 1500 га; Қарақұм а/о – 317га; Жеңіс а/о – 920га. Қазіргі таңда 1055 гектар (15%) жерден 3059,5 тонна өнім жиналып, орташа түсімі 29 ц/га жетті.
Аудан бойынша мақта теріміне 35 бірлік комбайн жұмылдырылған. Сондай-ақ 12 мақта қабылдау панкты бар. Олар: Төрткөлде – 7 ; Бөген – 3; Жеңісте – 2.