Түркістан облысында жұмыс сапарымен келген ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов арнайы Шардара ауданына барып, елімізді әлемге танытып жүрген «Шардара Армспорт» клубының жұмысымен танысты.
«Шардара Армспорт» клубынан:
102 – Әлем чемпионы;
99 – Әлем чемпионатының жүлдегері;
26 – Әлем кубогының иегері;
209 – Азия чемпионы;
50 – Азия кубогының иегері;
500 – Қазақстан чемпионы;
85 – Халықаралық турнирлердің жеңімпазы;
68 – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
124 – ҚР спорт шебері шыққан
Бүгінде елімізге танымал «Шардара-Армспорт» клубында білікті де білімді 35 жаттықтырушы жұмыс істейді. Клубтың негізін қалаған ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ел азаматы, ұлт мақтанышы Арман Қарсыбаев.