Қазақстанның Еңбек Ері, ақын, драматургі М.Шахановтың 80 жылдығына орай Қарашық мәдениет үйінде «Әке үкімі», «12-3= ?» шығармаларынан біріктіріліп Сайлаухан Жоланов тың режиссерлік етуімен жаңадан «Үкім» атты пьесасының тұсауы кесіліп, алғаш рет сахналанды.
Пьеса «Әке үкімі» өлеңінің кейіпкері әке мен шығармадан тыс қосылған ұстаның арасындағы диалог түрінде басталады. Батырлық, ерлік, ұлтжандылық, әділеттілікке негізделген қойылым ақынның Махамбет Өтемісұлына деген зор махаббатын аңғартады.
Пьесаның шарықтау шегі «12-3=?» өлеңінен алынған оқиғалар ізімен көрінді. Пьеса жастық шақты көктемге балап, адамзаттың көктемі екенін қариялар мен жастар арасындағы дау арқылы көрінді. Даудың соңы ханның ат қосшысы болған Жас жігіттің жұмбақты шешуімен, хан атанып, жастарды көтеру мәселесін көркемдік тұрғыда көрсетеді.
Пьеса «Әке үкімі» өлеңінің соңғы тарауымен, Махамбеттiң өлтіргенін мақтан тұтамын деп, әкесінің қолынан қаза тапқан баласы арасындағы шиеленіспен аяқталады.
Тарихи оқиғалар мен аңыз әңгімелерден құралған пьеса көрерменге жол тартып, ыстық ықыластары мен зор қошеметіне бөленді.
Аталған қойылымға Сауран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов пен Қазақстан Жазушылары Одағы мүшесі, ақын Әбдіғаппар Жақыпов ақынның мерейтойымен құттықтап, алғыстары мен ізгі тілектерін білдірді.