Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков 9-мамыр Жеңіс күніне орай арнайы құттықтау мақсатында Ескі Иқан ауылындағы Ұлы Отан соғыс ардагерi Мусаев Закир ақсақалдың шаңырағында болып, құрмет көрсетті. Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтап, отпен оқтың ортасында жүріп, Отан үшін от кешкендерiн, Жеңісті күндi жақындатып, бейбіт күнді тарту еткендерiн қуанышпен айтты.
Осы тұрғыда ардагер атаға облыс әкімі Ө.Е.Шөкеевтiң алғыс хатымен 300 мың тенгелiк сертификатты табыс етті. Құрметті ардагер атамыз ендігі болашақ ұрпақ соғыс көрмеулерiн тілеп, жас ұрпақ бақытты да тыныш өмір сүрсін деп аудан әкімiне алғысын айтып ақ батасын берді.
Құттықтаудан кейін арнайы дайындықпен келген «Тажиниса Ана» балабақшасының мерекелік көрiнiстерiмен жалғасты. Елiмiздегi барлық ардагерлерiмiзге дендерiне саулық, ұзақ өмiр, отбасыларына амандық көңiлдерiне шаттық тiлеймiз. Осындай мерекелiк құттықтау шарасының керемет өтуiнде ат салысып қолдау бiлдiрген барлық азаматтарға, Тажиниса Ана балабақшасының ұжымына алғыс.