Бүгінде әлемдегі жағдай тыныш емес. Жалпы, салмақтап, саралап қарасақ, осы жыл еліміз үшін өте күрделі кезең болды.
Президент сайлауынан соң Парламент сайлауы бар. Мәжілісте жаңа есімдерді көреміз деген үміт бар. Жаңа адамдармен жаңа леп келіп, Парламенттің ықпалын күшейткені дұрыс. Жаңарған Парламент Үкіметке де тың серпін әкелері анық.
Осылайша, Президент, Парламент, Үкімет қайта түлеп, реформаларды іске асыруға бел шеше кіріспек. Сенім мол .Мен сайлауға қатысып өз таңдауымды жасаймын .Бір кісідей қатысуларыңызды сұраймын .
Қоғамның күтетіні – әділ сайлау.
Құрметті қоғам белсенділері!
Сайлауға қатысып, өз таңдауымызды жасайық!
Ораңғай ауылдық округінің Ардагерлер кеңесінің мүшесі, зейнетке