Елімізде бұған дейін Президент сайлауы алты рет өткізілді. Оның көпшілігі кезектен тыс болды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында мемлекетімізде тағы да кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды. Бұл жолғы сайлаудың жаңа әрі әділетті Қазақстанды құруда маңызы зор деп білемін.
Бүгінгідей алмағайып шақта бізге барлық сынақтан сүріндірмей алып шығатын нағыз көшбасшы Президент ауадай қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев келесі болатын Президент мандатын 7 жылдық мерзіммен шектеуді ұсынып, оның қайта сайлануына тыйым салынатынын жеткізді.
Сонымен қатар, «Президентке жеті жылдық мерзім аз ба әлде көп пе?» деген сауалға да жауап беріп өтті. «Бұл бастаманың негізі қандай? Бір жағынан, 7 жыл – кез келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті кезең. Екінші жағынан, Президент мандатын бір мерзіммен шектеу Мемлекет басшысының жалпыұлттық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуге барынша жұмылуын қамтамасыз етеді. Мен ұсынып отырған конституциялық жаңалық билікті монополизациялау қаупін айтарлықтай азайтады», – деді Мемлекет басшысы.
20 қарашада өтетін сайлау халқымыздың береке-бірлігін арттыра түсуге және дамудың жаңа кезеңіне бастайды деп сенемін.
Оранғай ауылдық округінің Ардагерлер кеңесінің мүшесі Жұмағыз Медетбекова