Түркістан қаласында 10 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Мерейлі отбасы» конкурсы биыл да өз жалғасын тапты;
Отбасылық құндылықтарды ұлықтауға арналған игі жобаға Түркістан облысының әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі;
Жалпы конкурсқа 143 отбасы өтінім беріп, аудан-қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 31 отбасы жеңімпаз атанған;
Бүгін облыс бойынша үздік деп танылып, жанұядағы жарасымдылық пен өзінің қарым-қабілеттерімен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсеткен 6 үздік отбасы жүзден жүйрік шығып, «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінде топ жарып отыр;
І орын – Әбілдаевтар отбасы (
Төлеби ауданы);
ІІ орын – Айтбаевтар отбасы (
Түлкібас ауданы);
ІІ орын – Бейсенбаевтар отбасы (
Түркістан қаласы);
ІІІ орын – Смайловтар отбасы (
Қазығұрт ауданы);
ІІІ орын – Ақжаровтар отбасы (
Шардара ауданы);
ІІІ орын – Ергешовтар отбасы (
Сарыағаш ауданы) алды.
Жеңімпаз отбасыларға облыс әкімінің Алғыс хаты мен ақшалай сыйлықтар табысталды.