Әр сайлаудан кейін мемлекет өмірінде ауқымды өзгерістердің де болатыны анық. Халық бұл сайлаудан бүкіл саяси жүйенің түбегейлі өзгеретінінен үмітті.
Ел бүтіндігі, экономиканың тұрақты дамып, халықтың әл-ауқаты артып, тұрмыс сапасы жақсаратын ізгі бастамалардың жүзеге асуы үшін дауыс беру- әрқайсымыздың азаматтық парызымыз болып табылады.
Сайлаудың маңызы жәшікке қағаз салуда ғана емес. Президент өкілеттігінің мерзімін ұзартып, бір-ақ рет қана сайлануды ұсынуының астарында болашақ алдындағы зор жауапкершілік жатыр.
Еліміздің және балаларымыздың болашағы үшін сайлауға қатыса отырып, баршамыздың азаматтық жауапкершілік танытатынымызға, бірлігіміз бен тұтастығымызды көрсететінімізге нық сенімдімін.
Ақай Тілес Төленбайұлы
Сауран ауданы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері Кеңесінің төрағасы.