Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы лауазымына Қуатжан Әзімбайұлы Жұматаев тағайындалды.
Қуатжан Әзімбайұлы 1978 жылы Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылында туылған, білімі жоғары. М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясында «тасымалдауды және жол қозғалысын ұйымдастыру» және Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университетінде «экономика» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы «Т.Рысқұлов автопаркі» ЖШС-ң механик-контролерінен бастаған. Сонымен қатар, Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен қаласы жолаушылар тасымалдауды басқару орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директор орынбасары, Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры, 2022 жылдан бүгінгі күнге дейін «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Су метрология» филиалының директоры қызметін атқарған.