Бүгін, «AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалының кезектен тыс LI-ы (51) конференциясы өтті. Конференцияға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев және аудандық мәслихаттың депутаттары мен бастауыш партия ұйымының төрағалары және осынау ұйымынан сайланған делегаттар мен партия белсенділері қатысты. Конференцияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
Оның біріншісі, «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының Созақ ауданы бойынша көрсеткіштері және ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау науқанында сайлаушылардан түскен аманаттардың орындалу барысы бойынша Созақ аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков баяндама жасады.
Одан соң, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен Созақ ауданының әкімі лауазымына кандидатура ұсыну жайы қаралды.
«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Созақ ауданының әкімі лауазымына кандидаттарды аудандық Саяси кеңес Бюросы отырысында келісіліп, аудандық конференцияға үш партия мүшесінің кандидатурасы ұсынылды. «Степной Ру» бастауыш партия ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Бағдат Абдрахманов үміткерлердің өмірбаянымен таныстырды.
Жарыссөзге алдын-ала жазылған Шолаққорған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бүркіт Арынбеков және «Бақ-Нұры» іскер әйелдер ҚБ төрайымы Нұржамал Майусова мен «Қаратау» бастауыш партия ұйымынан сайланған делегат Іргебай Омар үміткерлерге қатысты өз ой-пікірлерін білдірді.
Конференция төрағасы конференцияда үміткерлерді ашық дауысқа сала отырып, қол көтеру арқылы кандидаттарға партия мүшелерінің дауыс беруін сұрады. Санақ комиссиясының төрағасы, аудандық партия филиалының консультанты Нұрболат Қошқарбаев хабарламасы негізінде «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Созақ ауданының әкімі лауазымына Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлының кандидатурасы ұсынылды.
Қортынды сөзді алған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында аймақтағы атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін біртіндеп арттыру мақсатында, облыстық маңызы бар қалалар мен аудан әкімдерінің сайлауын өткізуді тапсырғанын атап өтті.
«Осы орайда, Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі кезекті 5 сессиясынның шешімімен аудан әкімдерінің сайлауын өткізу үшін пилоттық режимде Созақ, Бәйдібек, Мақтарал, Шардара аудандары белгіленді. Әкімдерді тікелей сайлауды өткізу бойынша тәжірибе бар, ауыл әкімдерін тұрғындар өздері сайлай бастағанына 2 жылдан астам уақыт өтті»-деп атап өтті Алтынсары Дүйсенбекұлы.
Қосымша сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов аудандағы барлық партия мүшелері партия атынан конференция арқылы ұсынылған кандидатты қолдап, үгіт-насихат жұмыстарына атсалысуын ұсынып, оны конференция қаулысына енгізуді сұрады.