Түркістан облысында жауын-шашынның мөлшерден тыс көп түсуі және қардың еруі салдарынан өңірде бірнеше автомобиль жолдарын су шаю салдарынан зақымданған болатын.
Атап айтқанда, Сауран ауданындағы Шорнақ-Қарнақ бағыты, Кентау-Ащысай бағыты, Кентау-Түркістан әуе жайы бағыты, Бәйдібек ауданындағы Шаян-Мыңбұлақ бағыты, Шаян-Ағыбет-Шақпақ бағыты, Шаян – Шолаққорған бағыты, Созақ ауданындағы Шолаққорған-Шаян бағыты, Арыс ауданындағы Шардара-Арыс бағыты, Сарыағаш ауданындағы Жылға-Әлімтау бағыты, Келес ауданындағы Абай-Бозай және Бозай-Бекбота бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдары.
Қазіргі таңда, басқарманың және «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан зақымдалған жолдарды қалпына келтіру жұмыстары басталып, жолдарға қажетті материалдар жеткізілуде. Қалпына келтіру жұмыстарына жалпы кәсіпорын тарапынан 32 дана және мердігер мекемелер тарапынан 17 дана арнайы техникалар жұмылдырылып, орын алған ақауларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.