• Latest
Түлкібас жас кәсіпкер «Zhas Project»  жобасымен өз кәсібін ашқан

Түлкібас жас кәсіпкер «Zhas Project» жобасымен өз кәсібін ашқан

01/07/2024
«ШЫМ ҚАЛА ЖӘДІГЕРЛЕРІ» ЭКСПОЗИЦИЯ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

«ШЫМ ҚАЛА ЖӘДІГЕРЛЕРІ» ЭКСПОЗИЦИЯ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

19/05/2025

16/05/2025
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

07/05/2025

05/05/2025
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

03/05/2025

02/05/2025
ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

30/04/2025
АЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДА

АЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДА

28/04/2025
ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 100 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 100 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

26/04/2025

25/04/2025
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЗАМАНАУИ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЗАМАНАУИ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

20/04/2025
Сайрам ауданының әкімі Сабитов Арман Сабитұлының ҮНДЕУІ

Сайрам ауданының әкімі Сабитов Арман Сабитұлының ҮНДЕУІ

20/04/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Wednesday, May 21, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Түлкібас жас кәсіпкер «Zhas Project» жобасымен өз кәсібін ашқан

01/07/2024
in Қоғам
0
Түлкібас жас кәсіпкер «Zhas Project»  жобасымен өз кәсібін ашқан
499
SHARES
1.4k
VIEWS

Түлкібас ауданының тұрғыны Балжан Ерболатқызы  2023 жылы «Zhas Project»  кайтарымсыз грантының иегері атанып, «Лазерлік гравюрада түрлі сыйлықтар жасау»  бизнес планы бойынша өз кәсібін ашқан. Бүгінде тапсырыс көп. Аудан тұрғындарынан тапсырыс қабылдап келеді.

«Zhas Project» – әлеуметтік жобалар мен бизнес-идеяларды қаржыландыру арқылы халықтың осал топтарынан, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған бірегей жоба. Жоба жастарды қоғамдық әлеуметтік-экономикалық өміріне тартуға және нәтижелі жұмыспен қамтуға көмектеседі. «Zhas Project» Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҮЕҰ тапсырысымен жүзеге асырылуда. Биыл «Zhas Рroject» жобасы еліміздің 20 өңірінде іске асырылмақ. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров хабарлады. Қайрат Телманұлының сөзінше, «Zhas Project» жобасының негізгі мақсаты – жастар арасында жобаларды іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру, білім беру және жүргізілетін жұмыстар арқылы NEET санатындағы жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау. Жоба шеңберінде NEET санатынан жергілікті қоғамдастықтардың 18 жастан 35 жасқа дейінгі проблемаларын шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларға конкурстық негізде 1 000 000 теңгеге дейінгі сомаға шағын гранттар беру көзделген. NEET санатындағы жастар – жұмыспен қамту және білім беру санатынан тыс, уақытша жұмыс істемейтін, білім беру ұйымдарында оқымайтын немесе кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан өтпейтін жастар. Жобаға қатысушылар мынадай талаптарға сай болуы керек: ҚР азаматтары, 18 бен 35 жас аралығындағы жастар болуы тиіс. Сондай-ақ өтінім беру сәтінде өңір аумағында тұрақты немесе уақытша тіркелуі, өтініш беруші өтінім берген сәтте уақытша тұрақсыз жастар мәртебесінде болуы қажет, – деп атап өтті Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы.

Қайрат Қамбаровтың айтуынша, әлеуметтік жобаларға қойылатын бірнеше талап бар. Мәселен, жоба жергілікті қоғамдастық пен әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталуы, 4 айдан аспайтын мерзімде іске асырылуы тиіс. Конкурс шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және оның ішінде жобаны іске асыру барысында ақылы қызметтер көрсетуді, тауарларды сатуды көздейтін коммерциялық қызметке бағытталған жобаларға қолдау көрсетілмейді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар.

2.1. Конкурсқа қатысу үшін өтініш берушілер барлық көрсетілген

өлшемшарттарға сәйкес келуі тиіс:

– өтініш беруші Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;

– өтінім берушінің жасы өтінім берген сәтте 18-ден 35 жасқа дейін

(өтініш беру кезінде) болуы тиіс;

– өтінім берушінің Жетісу немесе Шығыс Қазақстан облысының

аумағында өтінім берілген сәтте тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы тиіс.

– өтініш беруші өтінім берген сәтте уақытша тұрақсыз жастар

мәртебесінде болуға тиіс.

2.2. Уақытша тұрақсыз жастарға мыналар жатады:

1) уақытша жұмыс істемейтін немесе тіркелген жұмыссыз тұлға

мәртебесі бар жастар;

2) білім беру ұйымдарында оқымайтын немесе кәсіптік даярлықтан,

қайта даярлаудан өтпейтін жастар.

2.3. Өтінім беруші конкурсқа қатысу үшін тек 1 (бір) әлеуметтік

жобаны ұсына алады.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

3.1. Өтінім беруші ұсынған жоба жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік

мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс.

3.2. Жобаны өтініш беруші 2 (екі) айдан аспайтын мерзімде іске

асыруы тиіс. Бұл ретте, өңірлік жобалау кеңселері өтініш берушілерге

жобаны іске асырудың негізгі мерзімінен кейін де консультациялық қолдау

көрсете алады.

3.3. Конкурс шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына

қайшы келетін жобаларға, сондай-ақ мынадай бағыттағы жобаларға қолдау

көрсетілмейді:

1) жобаны іске асыру барысында ақылы қызметтер

көрсетуді/тауарлар сатуды көздейтін коммерциялық қызмет;

2) ұсақ жөндеуді қоспағанда, құрылыс жұмыстарының қандай да бір

түрлерін немесе ғимараттарды/үй-жайларды, оның ішінде стадиондарды,

жылыжай кешендерін реконструкциялау/қалпына келтіру жөніндегі

жұмыстарды көздейтін жобалар;

3) жергілікті мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік мекемелер

немесе үкіметтік емес ұйымдар үшін жабдықтарды/тауарларды сатып

алуды/жалға алуды көздейтін жобалар;

4) діни ұйымдарға қызмет көрсету жөніндегі жобалар (шіркеулерді,

мешіттерді жөндеу немесе салу, діни білім беру, діни әдебиетті басып

шығару және т. б.);

5) қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін жобалар;

6) жер учаскелерін сатып алуды/жалға алуды, тұрғын үй сатып

алуды/жалға алуды, автокөлік сатып алуды көздейтін жобалар;

3

7) ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми-зерттеу

әдістемелерін/бағдарламаларын әзірлеу;

8) баспаханада қолжазбалар, журналдар, газеттер жазуды/басып

шығаруды көздейтін жобалар;

9) мақсаты ақшалай сыйлықтар тапсыру, құттықтауларды

ұйымдастыру, қандай да бір бағдарламаларды немесе жобаларды іске

асырғаны үшін ақшалай сыйақы беру және т. б. болып табылатын жобалар;

10) грант қаражаты есебінен тікелей ақшалай қайырымдылық

көмекті көздейтін жобалар;

11) жыныс, нәсіл, діни сенім, жас белгісі бойынша кемсітушілікке

әкеп соғуы мүмкін қызметті жүзеге асыру.

3.4. Жобаны іске асыру шеңберінде шығыстардың мынадай түрлеріне

тыйым салынған:

1) Жетісу немесе ШҚО облыстарынан тыс жерлерге сапарларға

(іссапарларға, оқуға) байланысты шығыстар;

2) жекелеген тұлғаларға медициналық қызметтерге ақы төлеу;

3) жабдықтарды/тауарларды шетелде, шетелдік сайттарда сатып

алу;

4) бұрын пайдалануда болған тауарларды сатып алу.

3.5. Жоба онлайн-өтінім нысанына толық сәйкес ресімделуі тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау.

5.1. Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші сауалнама нысанына

(1-қосымша) сәйкес барлық қажетті сауалнамалық деректерді толтырып,

http://zhasproject-zhetysu-vko.kz/, ақпараттық ресурсында тіркелуі тиіс.

5.2. Ақпараттық ресурста тіркелгеннен кейін өтінім беруші жобалық

өтінім нысанын толтырады. Өтінім әрбір тармақ бойынша және белгіленген

нысанға (2-қосымша) сәйкес толтырылуы тиіс.

5.3. Жобалық өтінімдерді қабылдау кезеңінде ақпараттық ресурстың

жұмысында ақаулар мен іркілістер туындаған және оларды бір күн ішінде

шешу мүмкін болмаған жағдайда, өтінім берушілерге электрондық пошта

арқылы жобалық өтінімді берудің баламалы тәсілі ұсынылатын болады.

5.4. Конкурсқа қатысуға өтінім өтінім берушінің осы Ережеде

көзделген талаптар мен шарттарға келісім білдіру нысаны болып табылады.

5.5. Өтінім беруші өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін өзінің

конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.

5.6. Ұйымдастырушы белгілеген өтінімдерді қабылдау күнінен кейін

келіп түскен өтінімдер қаралмайды.

5.7. Ұйымдастырушы алынған ақпараттың құпиялылығына және өтінім

берушілердің жеке деректерінің сақталуына кепілдік береді.

  1. Жобаларды конкурстық іріктеу және жеңімпаздарды

анықтау

6.1. Жобаларды конкурстық іріктеу екі негізгі кезеңде өтеді:

1) техникалық іріктеу;

2) конкурстық комиссияның іріктеуі.

6.2. Өтінімдерді техникалық іріктеуді ұсынылған құжаттардың

толықтығын және олардың осы Ереженің шарттарына сәйкестігін анықтау

мақсатында ұйымдастырушының қызметкерлері жүргізеді.

6.3. Техникалық іріктеуді жүргізу кезінде ұйымдастырушы

қызметкерлері келесі өлшемшарттарды басшылыққа алады:

– өтінім берушінің белгіленген талаптарға сәйкестігі. Өтінім беруші

осы Ереженің 2.1-тармағында көрсетілген талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Өтінім беруші көрсетілген өлшемшарттардың біріне сәйкес келмеген

жағдайда, оның өтінімі техникалық іріктеу кезеңінде қабылданбайды.

– өтінім берушінің жобалық өтінімінің рәсімделуі мен толықтығы.

Барлық ұсынылған өтінімдер осы Ереженің талаптарына сәйкес ресімделуі

және толтырылуы тиіс. Өтінімге барлық талап етілетін құжаттар қоса

берілуге тиіс. Талаптарды бұза отырып ресімделген немесе ішінара

толтырылған өтінімдер техникалық іріктеу кезеңінде қабылданбайды.

– жобаның бағыттылығы. Ұсынылған жобалар осы Ереженің 3.1-3.4-

тармақтарының талаптарына сәйкес келуі тиіс. Көрсетілген тармақтарға

сәйкес келмейтін жобалық өтінімдер техникалық іріктеу кезеңінде

қабылданбайды.

6.4. Техникалық іріктеу нәтижелері жобаның ақпараттық ресурсында

жарияланатын хаттамамен ресімделетін болады.

6.5. Техникалық іріктеуден өткен барлық өтінімдер конкурстық

комиссия мүшелерінің қарауына жіберіледі. Конкурстық комиссия сыртқы

сарапшылардан тұратын және бағалау өлшемшарттарына сәйкес жобаларды

іріктейтін болады. Комиссия құрамы оператормен келісілетін болады, бұл

ретте комиссия құрамында жастар саясаты, ішкі саясат, қоғамдық даму

мәселелері жөніндегі басқармалардың, жастар ресурстық орталықтарының

және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болуға тиіс.

6.6. Жобаларды қарау мен бағалауды конкурстық комиссияның әрбір

мүшесі бағалау өлшемшарттарына сәйкес дербес жүргізетін болады.

6.7. Комиссия мүшелері жобаларды келесі өлшемшарттар бойынша

бағалайды.

6.9. Әрбір өлшемшарт бойынша кіші комиссия мүшелері жоба

бойынша өз балын қояды.

6.10. Бағалау қорытындысы бойынша конкурстық кіші комиссияның

барлық мүшелері қойған балдардың сомасы болып табылатын жобаның

жалпы балы есептеледі.

6.11. Конкурс жеңімпаздарын анықтау конкурстық комиссиясының

отырысында жүргізіледі.

Комиссияның отырысына оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысса,

ол заңды болып табылады. Комиссия төрағасы комиссия отырысында

сайланады.

Комиссияның шешімдері отырысқа қатысып отырған оның

мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссияның шешімі

хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, қатысып отырған мүшелері

және хатшысы қол қояды. Хаттама жобаның ақпараттық ресурсында

орналастырылады.

Ұйымдастырушының өкілі конкурстық комиссияның хатшысы болып

табылады, ол оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, оның мүшесі болып

табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.

Конкурстық комиссияның шешімі түпкілікті сипатта болады және

өзгертуге жатпайды.

6.12. Өтінімдерді бағалау және конкурс жеңімпазын айқындау

барысында «мүдделер қақтығысы» жағдайы туындаған кезде жеке

мүдделілігі шешім қабылдау процесіне әсер етуі мүмкін конкурстық

кейін қызметін жалғастыру келешегінің болуы)

  1. Жобаны орындау жоспарының нақтылығы мен ұтымдылығы

( жобаны орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының

қисындылығы мен дәйектілігі, жобаның жоспарланған ісшараларының оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі)

  1. Бюджеттің орындылығы мен негізділігі

(бюджеттің жоспарланатын баптарының жоба бойынша

болжанатын қызметке сәйкестігі)

комиссияның мүшесі туындаған «мүдделер қақтығысы» туралы конкурстық

комиссияға хабарлауға және комиссия мүшелері қатарынан шығуға тиіс.

6.13. Конкурстық комиссияның отырысында кіші комиссия

мүшелерінің жобаларды бағалау қорытындылары бойынша жасалатын

жобалардың жиынтық рейтингі қаралатын болады.

6.14. Конкурстың жеңімпаздары болып жалпы және қосымша

баллдардың ең көп сомасын жинаған 28 өтініш беруші (14 – і Жетісу

облысынан және 14 – і Шығыс Қазақстан облысынан) танылады.

6.15. Егер 28 грант алушы айқындалғаннан кейін шағын гранттарды

қаржыландыруға бөлінген қаражатты үнемдеу қалыптасатын болса,

оператордың келісімі бойынша қалыптасқан қаражатты үнемдеу сомасына

грант алушылардың қосымша санын айқындау мақсатында конкурстық

комиссияның отырысын өткізуге болады.

6.16. Барлық өтініш берушілер конкурстық іріктеу нәтижелері туралы

хабардар етілетін болады.

  1. Грант қаражатын аудару тәртібі.

7.1. Жобаға шағын грант бөлу конкурстық комиссияның хаттамасы

және грант беру туралы қол қойылған шарт негізінде жүзеге асырылатын

болады.

7.2. Ұйымдастырушы грантты қаржыландыруды жобаның бекітілген

сметасына сәйкес ұсынылған грант алушылар ұсынатын төлем шоттары

бойынша тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің есеп айырысу шотына

қаражат аудару арқылы жүзеге асырады.

Жобалар шеңберінде тартылатын мамандардың қызметтеріне ақы

төлеуді ұйымдастырушы орындалған жұмыстардың қол қойылған актісі

негізінде салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді ұстай отырып,

орындаушының есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен

жүзеге асырады.

7.3. Жоба сметасын түзетуге ұйымдастырушының келісімімен ғана оны

жазбаша хабардар ету жолымен жол беріледі.

  1. Есептілік беру және жобалар мониторингі тәртібі

8.1. Грант алушы жоба аяқталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын

ұйымдастырушыға жеке кабинетте онлайн нысанды толтыру арқылы жоба

бойынша қорытынды шығармашылық есепті ұсынады (3-қосымша).

8.2. Ұйымдастырушының сұратуы бойынша қажет болған жағдайда

грант алушы шығармашылық есептерді пысықтауы тиіс.

8.3. Жоба бойынша қаржылық есепті ұйымдастырушы жасайды.

8.4. Ұйымдастырушы грант алушыдан әлеуметтік жобаның іске

асырылу барысы туралы ақпаратты оның кез келген сатысында сұрата алады.

8.5. Ұйымдастырушы жергілікті жерлерде әлеуметтік жобалардың іске

асырылу сапасын тексеруді, жобалардың нәтижелеріне қол жеткізуді

бағалауды жүзеге асыру үшін мүдделі әріптестерді тарта отырып,

мониторингтік топ құратын болады.

Жобалар мониторингі шеңберінде интервью, телефон арқылы

сұраулар, «Жасырын сатып алушы», әлеуметтік желілер мониторингі және т.

б. жүргізілетін болады.

Шағын гранттарды іске асыру мониторингінің өлшемшарттарына

мыналар кіреді:

– белгіленген мерзімге сәйкес жоспарланған іс-шаралар мен күтілетін

нәтижелердің орындалуы;

– мақсатты аудиторияны қамту;

– грант қаражатына сатып алынған тауарлар мен қызметтердің болуы

және пайдаланылуы.

8.6. Грант алушы Оператор мен ұйымдастырушыға жобаның іске

асырылу барысы, оның кезеңдері мен нәтижелері туралы ақпаратты БАҚ-та

және әлеуметтік желілерде жариялауға келісім береді.

8.7. Гранттық жобаларды іске асыру туралы ақпарат, сондай-ақ

нәтижелер грант алушының әлеуметтік желілерінде #zhasproject_almobl

хэштегімен орналастырылуы тиіс.

  1. Грант алушыларды оқыту және қолдау

9.1. Грант алушылар өмірлік маңызы бар дағдыларға, жұмысқа

орналасу дағдыларына және әлеуметтік кәсіпкерлікке оқыту

бағдарламасынан өту мүмкіндігіне және т.б. ие болады.

9.2. Оқыту бағдарламасы білім беру тренингтерінің, мастеркласстардың, воркшоптардың және т. б. онлайн және офлайн форматтарын

көздейді.

9.3. Грант алушыларға конкурстық негізде іріктелетін және жобаларды

іске асыруға жәрдемдесу үшін қажетті білімі мен тәжірибесі бар

менторлардың қолдауы көрсетілетін болады. Менторлармен кездесулер

онлайн және офлайн форматта өтеді.

9.4. Ұйымдастырушы грант алушылармен жұмыс істеу кезінде менторларды қолдап, оларға кеңес беретін болады, сондай-ақ менторлардың жұмысына мониторинг жүргізеді.

Previous Post

Түлкібас ауданында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 33 пайызға өсіп, 9 мыңнан асқан

Next Post

Түлкібас ауданында балық өсіруші кәсіпкерлер саны жыл сайын артып келеді

Related Posts

«ШЫМ ҚАЛА ЖӘДІГЕРЛЕРІ» ЭКСПОЗИЦИЯ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

«ШЫМ ҚАЛА ЖӘДІГЕРЛЕРІ» ЭКСПОЗИЦИЯ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

by Алаш Ақпарат
19/05/2025
0

Шымкент қаласының музейлер бірлестігіне қарасты «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде 18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне арналған «Тарих қойнауындағы Шым қала»...

by Алаш Ақпарат
16/05/2025
0

ҚазСтандарттың жас ғалымы Асылбек Жұмағали шетел калибрлеуінен бас тартуға және елдің метрология саласындағы тәуелсіздігін күшейтуге мүмкіндік беретін бірегей қанықтырғышты әзірледі....

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

by Алаш Ақпарат
07/05/2025
0

Бүгін Шардара ауданының әкімі А.Қарсыбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлерін арнайы құттықтады. Аудан басшысы тыл ардагерлері...

by Алаш Ақпарат
05/05/2025
0

Бүгін, 5 мамыр күні Түркістан қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлеріне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара...

Next Post
Түлкібас ауданында балық өсіруші кәсіпкерлер саны жыл сайын артып келеді

Түлкібас ауданында балық өсіруші кәсіпкерлер саны жыл сайын артып келеді

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
«ШЫМ ҚАЛА ЖӘДІГЕРЛЕРІ» ЭКСПОЗИЦИЯ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

«ШЫМ ҚАЛА ЖӘДІГЕРЛЕРІ» ЭКСПОЗИЦИЯ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
«ШЫМ ҚАЛА ЖӘДІГЕРЛЕРІ» ЭКСПОЗИЦИЯ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

«ШЫМ ҚАЛА ЖӘДІГЕРЛЕРІ» ЭКСПОЗИЦИЯ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

19/05/2025

16/05/2025
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

07/05/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

«ШЫМ ҚАЛА ЖӘДІГЕРЛЕРІ» ЭКСПОЗИЦИЯ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,460)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

You cannot copy content of this page