Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме «Югдорстрой» ЖШС-гі тарапынан Сауран ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-56 «Жамбыл облысы шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай-Р-31» автомобиль жолының 92,8-124,1 шақырым аралықтарына (Ойық елді мекенімен Құсшы ата елді мекені аралығы) орташа жөндеуден өткізілуде. Нысанның жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталған.
Былтырғы жылы жолдың 22,5 шақырым жол негізін ресайклерлеу, 21,9 шақырымына бірінші қабат асфальт (ірі түйіршікті) жабындысы төселіп, 4 дана су өткізгіш құбырлары ауыстырылды.
Бүгінгі таңда, ауа-райының қолайлы болуына орай жобада қаралған 31 су өткізгіш құбырларының 6 данасы ауыстырылып, жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Нысанның жөндеу жұмыстарын жыл қорытындысымен толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ЖЕҢІС» САЯБАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН АТҚАРДЫ
Отырар ауданы, Ынталы ауылындағы «Жеңіс» саябағында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен сенбілік өтті. Шараның аталған саябақта өтуінің де маңызы ерекше. Ауданның құрметті...