Қазығұрт ауданының бейнесі көрсетілген жаңа эмблема жасау мақсатында жарияланған конкурстың қорытынды жиыны өтіп, эмблема таңдалды.
Арнайы құрылған комиссия мүшелері бұл отырыста үш дизайнердің жабық түрде ұсынылған эмблема үлгілерін ашып, жан-жақты талқылады. Нәтижесінде дизайнер Айдос Оңғардың туындысы үздік деп танылды. Дизайнерге аудан әкімінің Алғыс хаты мен 200 мың теңгелік сертификат табысталды.
Конкурсқа қатысқан өзге үміткерлер де аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, құрметке бөленді. Алдағы уақытта ауданның бас эмблемасы осы таңдалған үлгіге өзгертілмек.
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ЖЕҢІС» САЯБАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН АТҚАРДЫ
Отырар ауданы, Ынталы ауылындағы «Жеңіс» саябағында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен сенбілік өтті. Шараның аталған саябақта өтуінің де маңызы ерекше. Ауданның құрметті...