Түркістан облыстық мәслихатына «AMANAT» партиясы атынан кандидат Нұржан Жамалбеков сенімді өкілдеріммен бірге Ақсукент аулындағы орталық базарларды аралап, тұрғындармен кездесті. Онда әрбір тұрғынмен жеке-жеке сұхбаттасып, сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, елдің ұсыныстарын тыңдады.
Сайлауалды бағдарламаға сәйкес, азық-түлік, киім-кешек, баспана, білім мен медицина сияқты күнделікті қажеттіліктің қолжетімді бағада болуын қамтамасыз ететінін жеткізді. Сондай-ақ, жұмысшылар жұмыс орнындағы жеке қауіпсіздігінің, құқықтары мен денсаулығының қорғалатыны, барлық жұмыс берушілерден жауапкершілік талап ететінін айтты. Жүздесу соңында кандидат ауыл ақсақалдарының ақ батасын алды.