Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимовтың бұйрығымен Жұмабаев Асан Жолайұлы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Ол 1989 жылы 31 шілдеде Сайрам ауданында дүниеге келген. Білімі-жоғары. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетін көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын аталған басқармада іс-тәжірибеден өтуші болып бастаған.
2012-2017 жылдар аралығында аталған басқарманың жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы, 2017 жылдан бүгінгі күнге дейін аталған басқармада қоғамдық тасымалды дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.