Сауран аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков және жаңадан тағайындалған Сауран ауданының бас имамы Акауов Бауыржан, Шаға, Ескі Иқан ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары аудан аумағындағы орналасқан мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Шаға, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан мешіттер мен намазханалардың жай күйімен танысты.
Аудан бойынша мешіттерге қатысты қордаланған шаруаларды жүйелі түрде реттеу үшін әуелі мешіттердің ахуалымен танысу маңызды.
Кездесу барысында бөлім басшысы Н.Тажыбеков мешіт имамдары мен намазхана имамдарына мешіт пен намазхана құжаттарын заңдастыру жайын айтты.
Сонымен қатар, мешіттердегі имамдар мен және діни қызметкерлермен кездесіп, мешіт ахуалы мен діни тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Өз кезегінде бас имам Б.Акауов бірлесе дін саласындағы өзекті мәселелер мен мешіт құжаттарын заңдастыру процесінде жұмыстар атқарылатындығын жеткізді.
Алдағы уақытта басқа да ауылдардағы мешіттердің жағдайымен танысу жалғасатын болады.