Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы – білім жүйесі. Ал білім беру жүйесініңең ең басты буыны орта мектептер болып саналады. Адамзат баласының бүгінге дейін қол жеткізген ұлы игіліктерінің барлығы – білім мен оқу арқылы жасалған. Бүгінге дейін Түркістан облысының орталығы болып отырған Түркістан қаласында орналасқан жалпы орта білім беру ошақтарының ұстаздар еңбегі де үкімет алдындағы қойылған өзекті мәселерді атқаруда өз үлестерін қосып келеді.Соңғы жылдары білім беру жүйесінің басты буыны мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердегі тәлім-тәрбие мәселесі, сол мектептердегі жаңашыл ұстаздардың еңбектерімен, мектепке дейінгі мекемелердің бүгіні мен болашағы көкірегі ояу,көзі ашық азаматтарымызды қатты толғандырары анық. Бұл мәселер жөнінде мен өзім ұлағатты педагог әрі журналист ретінде қаламызда орналасқан жалпы білім беретін орта мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің біразын аралап, қажетті сұрақтарға жауап алғандаймын. Мектеп ұстаздарына жүктелетін кешегі білім беру талаптары мен бүгінгі талаптардың жыл сайын қиындай түскенінде ұстаздар қауымы жақсы сезінетіні байқалады. Осы оқу жылының басында Түркістан қалалық оқу бөлімінің бүгінгі басшысы Қолдасова Оразкүл ханымның мәліметі бойынша, бүгінгі күнге дейін бастауыш және жалпы орта білім беретін 51 күндізгі мектеп болса, оның ішінде 32 жалпы орта мектеп,1 мектеп – бала бақшасы өз жұмыстарын атқарып келетіні,олардың ішінде 19 жекеменшік мектеп болса, 110 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ( 21 мемлекеттік, 87 жекеменшік, 2 шағын орталық) және 7 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істеп келе жатыр. Қала көлеміндегі мектептердегі жалпы қызметкерлер саны, оның ішінде 4526 педагог қызметкерлердің барлығы жоғары білімді. Ол педагог қызметкерлердің әрбірінің қиындығымен қатар жүретін жемісті еңбектері де әрдайым басшылық тарапынан бағаланып жататыны бар.
Бүгінге дейін қалалық оқу бөлімінің басшылығына қаншама басшы келіп оқу – тәрбие мәселесін алға бастыртуда еңбек еткендігі туралы ұстаздар қауымы жақсы біледі. Ал бүгінгі қоғамдағы тыныс тіршілігі мол, мектеп оқушыларының бүгінгі талап тілектерін, ата аналар қауымының ұстаздар қауымына қойылатын санқилы сұрақтары бөлім басшылығына оңайға соқпайтыны анық. Әсіресе бүгінгі әлеуметтік психологиялық күйлермен таусылмайтын өзекті мәселелердің оң шешімін таба білетін бөлім басшысының білім біліктілігіне, педагогикалық ұстанымдарына байланысты болып келетіні өмір талабы. Қай кезде де жақсы көшбасшының дұрыс бағыт- бағдары, басшылық қызметіндегі педагогикалық іс әрекеттің тиімді жолдары биік табыстарға жетелейтіні анық. Демек, дұрыс бағыттағы басқару, білім сапасында жақсы көрсеткіштерге жетуге ықпал етері анық. Білім сапасын жақсартудың тиімді жолының бірден бір жолы мектептегі “Әдістемелік кеңес” жұмысының дұрыс жолға қойылуы. Әдістемелік кеңестің жұмысы бір оқу жылына жоспарланаты белгілі. Мектептің әдістемелік жұмыстарының оқу-тәрбие үдерісіндегі іс-әрекеттер жалаң қағаз жүзінде емес, мектептердегі оқу-тәрбие үдерісіндегі күнделікті тоқтаусыз іс- әрекеттерінен көрініс берілуі тиіс. Атқарылып отырылатын әрбір мектеп пен бала бақша мекемелерінің оқу үдерісін бақылап қана қоймай, қоғам талаптарына сай сапалы білім мен саналы тәрбиені ұштастра білу оқу бөлілімінің басшысына жүктелері анық. Бүгінгі күні қала аумағы үлкейіп, халық саны жыл сайын арта отырып, мектептерге қамтылатын оқушыларда өз аумағына орай мектептерде білім алып жатыр. Әсіресе соңғы жылдары іске қосылған мектептердің барлығы заманауи жобадағы мектептер. Қай мектептерде болмасын мектеп оқушылары қаншалықты білім алып жатыр. Ол мектептердегі ұстаздардың білім біліктілігі шығармашыл тұлға қабілетіне сай ма? Ол мектептердің шығармашыл ұстаздарымен өзара қарым -қатынас, педагогикалық шеберлік сабақтарында өз ара байланыс барма? Ол мектептердегі әдістемелік жұмыстардың деңгейі қаншалықты ақпарат беттерінде насихатталып отыр. Тек жалпы білім беретін орта мектептермен шектелмей, мектепке дейін білім беру мен тәрбие мәселесімен айналысатын мекемелерде де біз қозғап отырған өзекті мәселері тақырыбында да көз жеткізгенім бар. Жаңа гимараттың аты жаңа ғимарат. Ол мектептердегі кіре беріс аумағыннан бастап, әрбір қабаттың оқу процесіне лайық ойластырылған шаршы аумақтың кеңдігі, әрбір қабаттағы жеке пәндік кабинеттер, арнаулы мектеп шеберханалары, лабараториялық кабинеттерде сапалы сабақтар өтуге ыңғайлы екендігі көрініп тұрады. Ондай мектептерде сабақ өтіп қана шектелмей шығармашылық жұмыстармен де айналысуға мүмкіндіктер мол болуы тиіс. Бүгінгі күннің білім беру талаптарына орай кез келген ұстаздың өз пәнінің білгір маманы болып қана қоймай, шығармашыл ұстаздың жан жақтылығы ғылыми пәндерді сабақтастыра өтудегі педагогикалық шеберлігіне байланысты болып келеді. Дегенмен, шығармашылықпен айналысу, шығармашыл тұлға болу, көшбасшы болу кез келген ұстаздың қолынан келе бермейтін іс.
Қалалық оқу бөліміне бағынышты мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ішіндегі кейбір жекеменшік бала бақшалардың бала бақша талаптарына сай еместігі, ол жекеменшік бала бақшалардың көбісі өз үйіннен ашылып, жұмыстар атқарып жатқанын, ол бала бақшалардың тәлімгерлер санатының біліктілігі жайлы қалалық оқу бөлімінің бақылауында болғаны мен көбінде кедергілер көптеп кездесетінін бөлім басшысы жасырмайды. Атап өтілген мәселер жөнінде көз жеткізу үшін жекеменшік бала бақшалардың ішнен Түркістан қаласындағы “Телемұнара” маңында орналасқан “Ертегілер әлемі”, “Алтын ұрпақ ” секілді бала бақшаларды арнайы барып танысқан болатынмын. Әсіресе “Ертегілер әлемі” бала бақшасының сырт көрінісі, ауласы арнайы ертегілер кейіпкерлерімен мүсінделіп, балалар ойнайтын алаңдары ерекше безендірілген. Екі қабатты бала бақша мекемесінің арнайы жоба арқылы салынғандығы ерекше көз тартады. Сол маңдағы келесі бала бақшаның бірі “Алтын ұрпақ” балалар бақшасымен толықтай танысудың сәті түсті. Бала бақша мекемесі ауласы тар болғанымен арнайы балар бақшасы жобасымен салынған екі қабатты бала бақша мекемесі екен. Бала бақша мекемесінің ерекше айтып өтетін жайттарының біріне балалар бөлмесінің арнайы жабдықтары мен қамтамасыз етіліп, балалар ойнайтын ойын құралдарының барлығы ресейлік ойыншықтар мен қамтамасыз етілгендігі көрініп тұр. Арнайы “Робототехника” бөлмесіндегі құрал жабдықтардың қызығушылығы бар балалар үшін қызықты екендігін, әсіресе, қаладағы өзге бала бақшалар мекемесінде жоқ заманауи құрылғы арқылы балалардың логикалық ойлау (сенсорлық) жүйесін дамытуға ықпалы зор технологияның бар екендігін ерекше атап өткен болар едік. Бұл жерде құрылғының қымбат тұратыны маңызды емес, ол құрылғының әрбір бала бақша мекемесіндегі тәрбиеленіп жатқан балалардың білім деңгейін арттыратыны маңызды екендігін қалалық білім беру бөлімінің басшылығы, қаражат жағын демеушілер арқылы шешіп жатса кәніки.
Өткен оқу жылының соңында жаңа қала орталығында орналасқан №28 мектепке арнайы барып танысқан болатынмын (2021-2022 жж). Өзгеде білім ошақтары секілді бұл жауапты күнді арнайы дайындықпен өткізіп, мектеп бітіруші түлектерге арналған іс-шараның куәсі болдым. Іс -шарадан соң мектеп ғимаратын аралап, мектеп директорының қабылдауында отырып шығармашылық ұстаздар мәселесі туралы сөз қозғадық. Мектеп директоры оқу жылын сәтті аяқтағанын, мектептің бір жыл ішінде атқарылған іс шаралары мен бірге қол жеткізген жетістіктерін ерекше айтып өтті. Ерекше бір атап өтетін мектептің аранайы “Бейсенбілік әңгіме” деп аталатын жобасы арқылы бірталай кездесулер өткізгенін мақтанышпен жеткізді. Әрбір мектеп оқушыларымен ұйымдастырылып жататын арнайы іс-шаралардың тақырыптарына орай өзіндік орны бір бөлек. Ал, арнайы жоба аясында шақырылып отырылатын қонақтармен жүздесу, әртүрлі сұрақтар арқылы қала көлемінде есімі таныс еңбек ардагерлері мен, танымалы кәсіпкерлер мен, құқық қорғау, заң қызметкерлері мен, ақын жазушылармен, оқытушы ғалымдар мен кездесу өткізу оқушылар үшінде, ұстаздар үшінде маңызды дер едік.