Оқытудың әдіснамалық негіздері. Оқытудың жалпы ұйымдасуын формалары мен әдістерін таңдауды белгілейтін ұстанымдық ережелері педагогикалық процесстің жалпы әдіснамасынан дамиды. Сонымен қатар, оқытудың оқушылардың танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты болғандықтан, оның әдіснамалық негізін арнайы құрастыру қажет. Бихевиризм және прагматизм-оқып білудің тәсілдерін (тетіктерін) түсіндіруге мүмкіндік жасайтын, оқытудың кең таралған тұжырымдамалары. Бұл бағыттарға экзистенцализм және неотомизмде қосылады. Олар оқытудың ролін төмендетіп, сезімді тәрбиелеуге ақыл -ойды дамытуды тәуелдендіреді, бұл позицияның мәні тек жеке дәйектерді тануға, олардың заңдылықтарын ұғынуға болады деген зандылықтардан шығады.
Жаңа бағыттардың ішінде ерекше назар аударуға тұратыны: Д.Бруннер (АҚШ) жасаған «жаңалық ашу арқылы оқыту» тұжырымдамасы. Д.Бруннердің тұжырымдамасына сәйкес оқушылар дүниені, олардан барлық танымдық күштерін талап ететін және саналы ойлауға қаблетін дамытуға тікелей әсер ететін, өз бетінше жаңалық ашулары арқылы тануға білімді меңгеруге тиіс. Шығармашылықта оқытуға тән ерекшелік, Д.Бруннердің пікірі бойынша, белгілі бір тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, бағалау және осы негізде тиісті қортындыны жасау ғана емес сонымен қатар, оқылып отырған материалдың шеңберінен тыс заңдылықтарды да анықтау. Ұстанымы тәжірбиелік педагогикалық іс-әрекетінің негізінде жатқан, қазіргі таңдағы дидактиканы төмендегі ерекшеліктері сипаттайды:
І.Оның әдіснамалық негізін таным философиясының объективті заңдылықтары құрайды.
2.Материалистік диалектика негізінде жасалған, қазіргі таңдағы дидактикалық жүйедегі оқытудың мәні мен оқушыларға дайын білімді беруді. не қыйыншылықтарды өз бетінше жеңулеріне, не болмаса оқушылардың өзбеттерінше жеке жаңалық апта оқуларына сәйкес келмейді. Оның айырмашылығы оқушылардың жеке пікірлері мен тәуелсіздігі, белсенділіктерінің, педагогикалық басқарымның саналы үйлесімділігінде. Оқыту процесінің әдіснамалық негізін объективті дүниені танудың арнайы түрін және ғылымның танымын бейнелейтін, оқушылардын, іс-әрекеттерінде оқуды салыстыру арқылы түсіндіруге болады. Ғылым объективті жананы, ал оқушы — субъективті жаңаны таниды, бірақ қандайда бір ғылыми жаңалықты ашпайды, тек ғана ғылым жинақтаған ғылыми түсініктерді, ұғымдарды, зандарды, теорияларды, ғылыми дәйектерді меңгереді. Ғалымның танымын эксперемент, ғылыми ойлау, сараптау, қателіктер, теориялық пікірлер құрайды, ал оқушының танымы мұғалім шеберлігінін көмегімен біршама жылдам және жеңіл түрде өтеді. Оқу танымы тікелей және жанама түрдегі оқушының көмегін міндетті түрде пайдаланады, ал ғылым тұлға аралық өзара әрекеттің көмегінсіз таниды. ғалым мен оқушы танымының арасындағы осы зор айырмашылыққа қарамастан бұл процестер негізін ұқсас яғни, әдіснамалық негіздері бірдей. Оқыту процесін танымның арнайы процесі ретінде оның үнемі қозғалыстағы, дамушы процесс ретінде қарама-қайшылықтарында түсіндіру керек. Осыған байланысты мұғалім ешқандай тікелей түзуліктің шындық жолында тұрақты қозғалыс тетіктерінің болмайтынын және керісінше үлкенді кішілі серпілістердің, құлдыраудың күтпеген ойлардын, туындайтынын, толғаныстарын болатынын білу керек. Таным бейнемен беріле отырып, қайшылықтардан пайда болады. Онда логикалық талдау, индукцйя да, мәндісі де, мәнсізі де болады.
Негізгі қайшылықтар оқыту процесінің қозғалыс күші, себебі таным процесі, ол да сарқылмайтын құбылыс. М.А.Данилов оны оқытудың қозғалыстағы қадамдары танымдық және практикалық міндеттермен оқушылардың білімдерінің, іскерліктерінің және дағдыларының деңгейлерінің, олардың ой-өрісінің дамуы мен қатынастарының арасындағы қарама-қайшылықтар деп түсіндіреді.Педагогикалық процестің қозғаушы күшін, М.А.Данилов тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарымен байланыстырады. Педагогикалық процестің ішкі қозғаушы күші танымдық еңбек, практикалық қоғамдық сипаттағы талаптар мен оларды іске асырудағы оқушылардың іс жүзіндегі мүмкіндіктерінің арасындағы қарама-қайшылықтар, яғни, әрбір жеке тұлғаның оқытудың қозғаушы күші — бір жағынан оған қойылатын талаптар мен екінші жағындағы оның құралдары мен мотивтерінің арасындағы қарама-қайшылықтар. Қажеттілік мотивсіз жасалмайды. Сондықтан оқушылардың мотивациясы, жеке тұлға мен ұжымды оқытудың қозғаушы күшін құрайтын қарама-қайшылық маңызды компоненті болып есептеледі.Қарама-қайшылық мазмұнды болған жағдайда ғана оқушылар үшін мәнді болып, оқытудың қозғаушы күші бола алады, ал, қарама-қайшылықтың шешімі — олардың анық ұғынулары керек қажеттілік. Оқытудың қозғаушы күші ретінде қарама-қайшылықтың болуы шартты — оқушылардың танымдық өрісіне сәйкестігі. Оқушылардың білімді тек қана «ұстап қалмауы», соған «тіреліп» қалмас үшін және өз беттеріне шешу тәсілдерін табу үшін, оқу процесінің барысында логикаға сәйкес қайшылықтар алдын-ала әзірленуі маңызды.
Сонымен, жалпы білім беретін мектептердегі оқыту процесінің әдіснамалық негізі төмендегі әдіснамалық ережелерді біріктіреді: танымның жлпы әдісі ретінде диалектикалық әдіс; объективті ақиқаттың құбылыстарын сараптаудың тарихи тәсілі, қарама-қайшылықтың қозғалысындағы, дамуындағы процесті қарастыратын таным теориясы; диалектикалық ойлау; абстрактілік және нақтылық; объективтілік және субъективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, анықтылық және белгісіздік, шектеулік және шамалық; қарама-қайшылықтың рөлі мен мәні; оқыту теориясындағы тарихилық және логикалық; мән мен құбылыс; мазмұн мен форма: мақсат пен құралдың үйлесімділігі; мүмкіншілік пен ақиқат: оқыту теориясының сапалық және сандық қатынастары; Оқытудың психологиялық негіздері. Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған Я.А.Коменскийдің еңбегінен бастап, оқытудың ғылыми неізін іздестіру басталған, соның негізінде әрбір оқушынын жеке мүмкіндіктері мен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған. Бұл мәселеге орыс педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинскийде назар аударған. Ол өзінің «Адам тәрбие пән» атты еңбегінде, баланың түрлі жас ерекшеліғі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта отырып, баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды. Оқыту мен тәрбиелеудің арақатынасы жөніндегі мәселе одан бергі уақытта да, өз өзктілігін жойған жоқ. Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л.С.Выготскийде зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды: -оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс; -оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады