Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының қызметкерлері Төлеби аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскерлерімен бірлесіп, аудан педагогтарына арналған “Оң нәтижеге бағытталған білім – жаңа мазмұн, жаңа көзқарас, жаңа технология” атты екікүндік әдістемелік десант іс-шарасын өткізді. Әдістемелік десанттың мақсаты – педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, оқу үдерісін жетілдіруде жаңа көзқарас қалыптастыру, жаңа технологияларды меңгерту арқылы білім сапасын арттыру. Инновациялық технологияларды қолдану оқу процесін сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім мекемесінде өзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізер еді. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын оқу орындарының практикасына белсенді түрде ендіру – қоғам талабы. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек.
Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту – бүгінгі күннің талабы. Қазақстанның білім беру жүйесі әлемдік білім беру стандарттарына сәйкестенуде. Бұл білім беру жүйесі мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, озық идеялар, жаңашыл ұстаздар пайда болды. Бүгінгі оқыту жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, оң нәтижелер беруде. Осыған орай әр ұстаздың алдында бәсекеге қабілетті, бүгінгі заман талабына төтеп бере алатын білімді ұрпақ тәрбиелеп шығару мақсаты қойылған.Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған.Әдістемелік десант жұмысы №1 мектеп-гимназияда, Жеңіс, Төлеби, Сұлтанрабат, Қазақстан, Жыланбұзған жалпы орта мектептерінің базасында ұйымдастырылды. Мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және бастауыш сыныптардың, мектепалды дайындық топтарының педагогтары, пән мұғалімдері әдістемелік десант аясындағы тренингтер, шеберлік сыныптары, дөңгелек стол, тәжірибелік алаң, ақпараттық сағат іс-шаралары барысында интеллект картасын қолдану, зейіні тұрақсыз оқушылармен жұмыс жүргізу секілді тиімді заманауи әдістемелермен танысты. Кәсіби шеберліктерін шыңдау, білім беру платформаларындағы ресурстарды ұтымды қолдануды үйрену, ІТ құзыреттіліктерін дамыту мақсатында кең ауқымдағы әдістемелік көмекке жүгініп, өзара тәжірибе алмасты.Ұйымдастырушыларға риза болып, алғыс білдірген төлебилік мұғалімдер қауымы әдістемелік десант барысында үйренгендерінің көп екенін айта келе, өтілген іс-шаралар туралы пікірлерімен, алған әсерлерімен әлеуметтік желіде бөлісті
Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту мәселесінің теориялық әдістемелік негізін анықтау тұлғаның дамуы жайлы психологиялық зерттеулерді талдау қажеттілігін туғызды. Сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру, бұл оқушы мен мұғалімнің сырттай үйлесімді қызметі, оның өзі белгілі бір ретпен тәртіп талабынан құрылады. Мұғалімнің оқу қызметін фронтальді ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық топ талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын өзінің ой-түйіндерімен салыстырады. Фронтальды оқытуды ұйымдастыру проблемалық, ақпараттық, түсіндірмелі иллюстративті мазмұнда, репродуктивті және шығармашылық тапсырмалармен келуі мүмкін. Жұмыстың бұл түрі барлық оқушылардың белсенділікпен іс-әрекетте болуына жағдай туғызады. Бұл тұрғыда зерделенген психологиялық теориялар біздің жұмысымызда әдіснамалық қызмет атқарады. «Әдіс» – грек тілінен аударғанда зерттеу және білу, тану жолы деген мағынаны білдіреді. Оқу әдістері – бұл оқытушы мен оқушылар арасында байланыс, оқушылардың біліктілігін, білімділігін, ойлау қабілетін дамыту үшін берілетін үлкен бір жүйе.
Әдістердің түріне келсек:
- Ауызша әдіс: дәріс, әңгіме, әңгімелесу, конференция, диспут, түсіндіру.
- Көрнекілік әдіс: илюстрациялар, демонстрациялар.
- Тәжірибелік әдіс: жаттығу, лабораториялық жұмыс, есептер.
- Индуктивтік әдіс: оқыған, материалдардан түсінгенін жалпы ортаға айту
- Дедуктивтік әдіс жалпыдан бір тұлғаға түсіндіру.
- Репродивтік әдіс –есте қалдыру, мазмұндау, дайын материалды көшіру, үлгі бойынша тапсырманы орындау, ереже бойынша болған жағдайды анализдеу, кітаппен жұмыс, заңдылық.
- Қиыншылық-іздеу әдістеріне – қиын маз-мұндама, іздеу әдістері, зерттеушілік.
- Қадағалау-бағалау әдістері – мақсат бойынша бағыттау, топпен жұмыс, ұжыммен жұмыс жасау арқылы қорытынды жасау.
- Стимулдық және мотивациялық әдіс – танысу ойындары арқылы, оқушылардың дискуссиясы, әртүрлі эмоциялық оқиға.
- Эврестетикалық әдіс – оқушылар өз бетімен формулалар, ғылыми заңдар, ережелерді білуі. Мұғалімнің басқаруымен.
- Зерттеулік әдістер – оқу жолымен тәрбиелеу, дамыту.
- Догматтық әдіс.
- Түсіндіру әдіс – жаттығу жазу, теңестіру арқылы әңгімелесу, таблица, схеманы анализдеу.
- Білім ғылым әдістемесі – сөздікті тану, практикалық, дидуктивті индивид.
- Бақылау және өзіндік бақылау әдістері – ауызша, жазбаша бақылау, жеке, фронталдық сұрау, жазбаша сынақ лабораториялық – тәжірибелік бақылау.
- Творчестволық мінездемелік әдіс – образға кіру.
Қортындылай келсек: Жоғарыда аталып өткен әр түрлі әдістерге талдасу жасай отырып тұлғаның өзін-өзі дамытуы адамның бойындағы зор әл- шамасымен көздеген деңгейінің арасындағы қарама-қайшщылықты шешуге бағытталған энергия, психологиялық тетік. Әрекет барысында ол өзін-өзі терең танып, өзінің өзектілігін арттыруға қызмет жасауы арқылы, өзін-өзі дамытатын кеңістік құрайды деген ой қортынды жасауға болады.