Бүгін, яғни 13 наурыз 2023 жылы “AMANAT” партиясы атынан Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер ретінде Нұржан Жамалбеков Ш.Оңғаров бастаған М.Мұрашимов, М.Дәлбеков, А.Қазанкапов сынды штаб мүшелерімен Сайрам ауданының Ақсукент ауылдық округіне қарасты Ақсукент, Алаш және Бәйтерек елді мекендерінің тұрғындарымен Ш.Қалдаяқов атындағы ауылдық клубында кездесу өткізді.
Кандидат жүздесуге келген ауыл тұрғындарына «AMANAT» партиясының 10 нақты сайлауалды бағдарламасы мен өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ауыл тұрғындары да өз тараптарынан ұсыныстары мен пікірлерімен бөлісті.
Насихаттық топ ауыл тұрғындарының ұсыныс-тілектерін тыңдап, алдағы уақытта әрбір мәселеге назарға алынатындығын жеткізді.
Үміткерлер кездесуге келген ауыл тұрғындарына алдағы 19 наурыз күні сайлауда “AMANAT” партиясына дауыс беруге шақырды.