Сайрам ауданына қарасты ауылдарда үгіт-насихат жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
“Amanat” партиясынан Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Нұржан Жамалбеков Қарасу ауылдық округіндегі М.Сапарбаев атындағы жалпы орта мектебінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында еңбек ұжымы, ұсыныс пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды. Кандидат партияның 2023-2027 жылдарға арналған өңірлік дамытуға арналған 10 бағыттан тұратын бағдарламасы мен өзінің жоспарлы сайлауалды бағдарламасын насихаттап, өзекті мәселелерді ортаға салды.