Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлері ұлттық киімді насихаттау челленджіне қолдау білдірді. Айтулы шарада басқарма басшысы Ролан Ибрагимов қызметкерлерді айтулы мерекемен құттықтап, челлендждің маңызына тоқталды.
«Бұл бастаманың мәні зор. Өйткені ұлттық құндылыққа деген құрмет – киімнен басталады. Бұл үрдісті біз тек мерекелік шараларда ғана көрсетпей, күнделікті дәстүрлі әдетке айналдыруымыз керек. Ол біздің ұлттық белгіміз іспетті. Әз Наурыз – жылдың басы, жаңарудың бастамасы. Ендеше жыл басы елімізге құт, жерімізге ырыс ала келсін. Әрбір шаңыраққа шаттық, отбасыға амандық, денге саулық тілеймін», – деді Ролан Бекмағамбетұлы.