“Ерім саған сенеміз!” дейтін елің, қолдаушың болса, тау қопаруға болады. Ал ер азаматқа сол үдеден көріну үшін күн-түн демей еңбек ету керек. Мәжіліс депутаттығына үміткер Тимур Қырықбаев бұл үдеден шыға алатын жігіт.
Тимур Базарбайұлы – Мырзашөлдің тумасы. Жерлестеріне бұл есім жақсы таныс. Өйткені ол қай кезде болсын, халықтың жанынан табыла біледі. Кешегі Мақтаралдағы су тасқыны кезінде Темір халыққа баспана салып беріп, алысқа бөлінді.
Пандемия кезінде де талай мақтаралдық тұрғындарға қол ұшын созып, қолдау көрсетті. Арыстағы жарылыс кезінде де арпалысып, ел арасында жүрді. Қаланы қалпына келтіруге атсалысты.
Тимур Қырықбаев бұған дейін облыстық мәслихатта депутат болды. Көпшіліктің көзіне көрінбей кеткен көп депутаттың бірі емес, білімді де білікті, іскер де жігерлі, мінезді әрі елге жанашыр халық қалаулысы ретінде танылды. Әсіресе аймақтағы апатты мектептерді, үш ауысымды мектептерді жою сияқты жобаларға бастамашы бола білді.
Тимур Қырықбаевтың атқарған еңбектерін көпшілік жақсы біледі. Сол себепті де осы сайлауда қолдаушылары көп. Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында 600-ге жуық адамның қатысуымен өткен басқосу осының дәлелі.
Сауран ауданы: Жібек жолы ауыл округінде мемлекеттік бағдарламамен жүйелі жұмыстар қолға алынады
Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев Жібек жолы ауыл округ тұрғындарымен кездесуінде осылай деді. Ежелгі Сауранды мекен еткен халықтың саны бүгінде 3...