Түркістан музыкалық драма театрында «Қорқыт туралы аңыз» атты пластикалық спектакльдің премьерасы өтті. Туынды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосы бойынша қойылған.
«Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінде әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Жер дүниені алай-дүлей дауылдатып, жауындатып, найзағай ойнатып, адамдарды үрейге бөлеп Қорқыт ата дүние келеді. Адам мен жануардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келген ол алып қарағай ағашынан ойып қобыз жасайды. Қорқыт ата жөніндегі бұл спектакльде Қорқыт пен Мартудың арасындағы мәңгілік айқас көрініс тапқан. Қорқыт – жасампаздық пен ізгіліктің нышаны болса, Марту – жер бетін үйлесімсіздік пен араздықтың алаңына айналдыруға тырысқан пері қызы болған.
Қойылымның ерекшелігі заманауи хореография тілімен бейнеленіп көрермендерге керемет әсер калдырган.
Жанель Садықова Бегланқызы