«Жасыл аймақ» апталығында Созақ ауданындағы барлық ауылдар мен елді мекендерде жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Одан бөлек, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде аудандағы барлық ауылдық округтер мен кенттерде жалпы саны 27 500 ағаш көшеттері отырғызылды. Осы ретте аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтың қатысуымен аудан әкімдігі ғимаратының ауласында да тазалық шаралары өтті.
Жалпы сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары атсалысты. Тазалық шаралары барысында аялдамаларды қалпына келтіру, күл-қоқыс шығару, тазалау, реттеу жұмыстарын жүргізілді. Одан бөлек, көпірлерді, арық бойларын тазалау және бағаналарды реттеу, сырлау сынды жұмыстар атқарылды.