Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұралы Дәулетияров Америка Құрама Штаттарының Нью Йорк қаласындағы бас елшілікке барып, ҚР Президент сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.
Мұхиттың арғы бетінде азаматтың борышын өтеген халық қалаулысы мемлекетіміздің болашағына деген зор үмітпен қуатты, әділетті Қазақстан үшін дауыс бергендігін айтты.
Сондай-ақ, Қазақстанның Нью Йорктағы бас елшісі Мағжан Тобаяқовпен естелік суретке түсіп, туған жерден жалынды сәлем жолдады.