Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде Кезектен тыс Президент сайлауы өтуде. Еліміздің кемел келешегі, жарқын болашағына дауыс беру үшін аудан әкімі Төлеген Телғараев №731 сайлау учаскесіне келді.
ҚАЗАҚ ЕЛІ тағы бір тарихи таңдау жасап, саяси өміріміздегі дамуымыздың даңғыл жолын айқындауда. Бұл таңдау – еліміздің болашағын таңдау үшін жасалатын маңызды қадам.
Мемлекеттің дамуы, саяси өзгерістері сайлау нәтижесіне байланысты екенін ескеріп, аудан халқы өз таңдауын жасауда.