Бүгін “Ауыл” партиясының Әл-Фараби ауданы бойынша партия филиалының басшысы Нұралы Давлетяров Пушкин атындағы кітапханада оқырман жастармен кездесті.
Жүздесуде “Ауыл” ХДПП бағдарламасындағы жастар үшін маңызды жобалары таныстырылды.
“Біздің маңызды мақсаттарымыздың бірі – ауылдан қалаға білім алуға келген жастарымызға тиісті білім беріп қана қоймай, олардың Ел мен Жердің қасиетін бағалайтын, туған топырақтың қадірін бағалап, ауылын қадірлейтін және болашақта сол ауылдың зиялысына айналатын тұлға ретінде қалыптастыру”- деді аудандық партия филиалының басшысы.
Одан әрі мемлекеттің, ұлттың болашағы мен тірегі болатын жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мен Ауылға қажет мамандарды тарту мақсатында арзан баспана салу, жеңілдікпен несие беру және оңтайлы салық жүйесін жасау қолға алынатыны жайлы әңгімеледі.
Оқырман қауым азаматтылық жауапкершілік танытып сайлауға қатысатындарын айтып, жұмысымызға сәттілік тіледі.
#ауылтөргешықсын #ауыл #ауылпартиясы