• Latest
Төлеген Телғараев: Әлеуметтік саланы дамыту – басты міндет!

Төлеген Телғараев: Әлеуметтік саланы дамыту – басты міндет!

11/06/2024
Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

29/05/2025
Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

29/05/2025
Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

29/05/2025
ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

29/05/2025
Қазығұрт: Аудан басшысы өңір жастарымен кездесті

Қазығұрт: Аудан басшысы өңір жастарымен кездесті

29/05/2025
Қазығұрт ауданында жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қазығұрт ауданында жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

29/05/2025
Түркістан облысында көне темір жол вокзалдары жөндеуден өтеді

Түркістан облысында көне темір жол вокзалдары жөндеуден өтеді

29/05/2025
Қазығұрт ауданының әкімі өңір тұрғындарымен кездесті

Қазығұрт ауданында Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кеңейтілген мәжіліс өтті

29/05/2025
Қазығұрт ауданының әкімі өңір тұрғындарымен кездесті

Қазығұрт ауданының әкімі өңір тұрғындарымен кездесті

29/05/2025
ТҮРКІСТАНДА ШАУҒАР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ШАУҒАР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

29/05/2025
ТҮРКІСТАН: САУРАН СЕКТОРЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: САУРАН СЕКТОРЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

28/05/2025
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

27/05/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Sunday, June 1, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Төлеген Телғараев: Әлеуметтік саланы дамыту – басты міндет!

11/06/2024
in Қоғам
0
Төлеген Телғараев: Әлеуметтік саланы дамыту – басты міндет!
502
SHARES
1.4k
VIEWS

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліс күн тәртібінде екі мәселе қаралып, атқарылған жұмыстар барысы бойынша сала басшылары баяндама жасап, орындалу нәтижесі талқыланды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылдың 3 ай қорытындысы негізінде  аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Ашрапов баяндама жасады. Баяндамада көрсетілгендей, 2024 жылдың 3 айының кіріс бөлігі нақты 1 млрд 268 млн  теңгені құрап, 391 млн теңгеге жоспардан артық орындалды. Қала, ауылдық округ әкімдіктерінің кіріс жоспары 203 млн 990 мың  теңгеге орындалған. Ал, қаржыны игеру барысы 2024 жылдың 1 сәуіріне жоспар 1 млрд 850 млн 792 мың теңге болса, нақты кассалық игерілуі 1 млрд 849 млн 570 мың теңге, немесе игеру жоспары 99,9 пайызды құрап отыр. Аудан көлемінде 3 айда  өндірілген өнім көлемі -11 млрд 737 млн теңгені құрады. Тартылған инвестиция көлемі  4,8 млрд теңге. Ауыл шаруашылығы өнім көлемі 6 млрд 440 млн теңге.

Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының Төлеби ауданы бойынша нысаналы индикаторлардың декомпозициясының орындалуы барысын түсіндірген бөлім басшысы Түркістан облысының аудан, қала әкімдерінің рейтингі нәтижесі бойынша аудан 8 орында екенін айтты. Сондай-ақ, аудан құрамындағы  қала, ауылдық округ әкімдіктерінің рейтинг көрсеткіштерін мәлімдеді. Бюджет түсімін арттыру, салық берешегін азайту, кәсіпкерлік, ауылшаруашылық, әлеуметтік саланы дамыту, әскери дайындық, құрылыс және сәулет саласы, коммуналдық шаруашылықты жетілдіру бағытында белгіленген межені орындамаған басшылардың екінші тоқсан қорытындысымен жауапкершілігі қаралып, шара көрілетіні ескертілді.

Қоғамдық-саяси ахуал бойынша атқарылған жұмыстар барысы бойынща аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жұман Әбдиев баяндады. Төлеби ауданында жалпы халық саны 121 961 болса, оның 31 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды.  Аудан аумағында қоғамдық-саяси ахуалға орай, жұмысшы топ құрылып, жедел хабарлап, кері байланыс орнатуы бойынша «Саяси ахуал» тақырыбындағы «WhatsApp» әлеуметтік чаты ашылып жұмыс жасауда. Топ құрамында 40 мүшесі бар. Топ құрамы тұрақты түрде жаңартылып отырады.   Төлеби ауданы аумағында қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік органдарды жедел құлақтандыру және ақпараттық ден қою алгоритмі мен наразылық акциясы туындаған жағдайда атқарылатын іс-әрекеттер алгоритмі жыл басында аудан әкімімен қайта  бекітілді. Аудан аумағындағы қала, ауылдық округ аумағындағы өзекті 19  мәселенің щешу жолдары талқыланды.

Аудан аумағындағы ақпараттық саясатты оңтайландыру мақсатында «Төлеби сыни материалдар»  ватсап әлеуметтік чаты құрылып, ауданға қатысты шыққан сыни материалдар сонда жіберілетінін айтқан бөлім басшысы Жұман Ғаппарұлы сыни бағытағы ақпараттарға дер кезінде жауап берілу қажеттігін ескертті. Аппараттық мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы күн тәртібіндегі екінші мәселенің өзектілігін айтып, қала, ауылдық округ әкімдіктері мен сала басшыларына жұмысты ширатуды, немқұрайдылық танытпауды міндеттеді. Берілген тапсырмалар қойылған талаптарға сәйкес орындаушыдан белгіленген уақытында толық және сапалы орындалу қажеттігін айтып, сыннан қорытынды шығара отырып, бірлесе, ынтымақта жұмыс істеуге шақырды. 2024 жылдың бірінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алған отбасы саны – 353, адам саны – 1923. Ауданда тұрғын  үй кезегінде 6665 азамат бар. 2023 жылы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан 20 тұрғын үй сатып алуға 192 млн. теңге қарастырылды. 2024 жылға аталған жоба аясында 45 тұрғын үй сатып алуға 591 млн. теңге қарастырылды. Білім саласы: 2023 жылға 4 нысанның құрылысын жүргізуге 2 млрд 374 млн теңге қаржы қарастырылды. Ленгер қаласындағы 80 орындық оқушылар үйінің құрылысына 590 млн теңге, Ленгер қаласындағы №6 200 орындық мектеп құрылысын аяқтауға 38 млн теңге, Зертас елді мекеніндегі Шомшақты орта мектебіне 150 орындық оқу блогы, асхана, шеберхана, спорт зал және әкімшілік бөлмелерінің құрылысына 802 млн теңге. Бірінші Мамыр ауылдық округі, Тағайна елді мекеніндегі 200 орындық орта мектебінің құрылысына 944 млн теңге қаржы бөлінді.2023 жылы 33,7 млрд  теңге инвестиция тартылса, бюджет есебінен 9,9 млрд теңге, жеке қаражат есебінен 21,2 млрд.теңге, банктегі кредиттер есебінен 1,5  млрд теңге, басқа да қаражаттар есебінен 1,1 млрд  теңге.  Туризм саласында 140 нысан қызмет көрсетеді, 2023 жылы 39 697 турист келген. 2,9 млрд теңге инвестиция тартылып, 8 жоба жүзеге асып, 42 жұмыс орны ашылған. 2023 жылы іске асырылған  инвестициялық жобаларға тоқтала кетсем, Алатау ауылдық округінде жеке кәсіпкер  Еркінбек құны 100 млн теңге болатын  демалыс аймағын іске қосып, 5 жұмыс орнын ашқан. Жеке кәсіпкер Файзиева Г.  Құны 800  млн.теңгені құрайтын 11 коттедж, 1 бассейн, 1 қонақ үй ашып,  6  адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алатау ауылдық округінен  ЖК Наралиев Т. қонақ үй, ресторан іске қосып,  5  жұмыс орнын ашты. Жоба құны  500 млн.теңге. Жеке кәсіпкер  Юнусов А құны  150 млн.теңге болатын   қонақ үй іске қосып, 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Жеке кәсіпкер  К.Қожамжарова саумалмен сауықтыру орталығын іске қосып, 10 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтыды. Жоба құны 150 млн.теңге. Жеке кәсіпкер  «Ысқақов Қалдыбек» құны  500  млн.теңгені құрайтын демалыс орнын ашып, 6  адамды  жұмыспен қамтыды. Жеке кәсіпкер  Сақыбаев М. қонақ үй, ресторан, бассейн құрылысын жүргізіп, ел пайдалануға беріп, 5  жұмыс орнын ашты. Жоба құны 600 млн.теңге.

Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту – басты мақсат. Осыған орай «Ауыл аманаты» жобасы  аясында 1 124 млн. теңге 193 жоба қаржыландырылды. 2024 жылы 1 714 млн. теңгеге 279 жобаға несие беру  жоспарлануда. Кәсіпкерлік саласында 10655 шағын және орта бизнес субъектілері тіркеліп, 16 702 адам жұмыспен қамтылып, 61,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. 2023 жылдың 3-10 желтоқсан аралағында тәжірбие алмасу, кәсіптерін кеңейту, құрал-жабдықтар алу мақсатында ауданның 6 кәсіпкеріне қытай мемлекетіне іс-сапар ұйымдастырылды. Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты ЖК Е.Қайым Чженчжоу қаласында “Zhengzhou Yellow River Carp Breeding Farm” ЖШС-гі балық шаруашылығы бойынша келіссөздер жүргізуде. Жалпы 300 тоннаға дейін форель балығын өсіруді жоспарлауда. Жоба құны 600,0 млн теңге. Тұрақты жұмыс орындарына жұмыссыз 2027 азаматты жолдау жоспарланып, 408 азамат (20,1%) жолданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайын «әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бойынша берілген тапсырмасына сәйкес, ауданда 1250 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 165 (13,2%) жаңа жұмыс орындары ашылды. «Электронды еңбек нарығы арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу» бойынша белгіленген 34 жобадағы ашылған жаңа жұмыс орындарына жұмыссыз 129 азаматты жолдау жоспарланып, 10 (7,8%) азамат жолданды.  2024 жылдың бірінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алған отбасы саны – 353, адам саны – 1923.

«Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік оқу курсын жұмыссыз 71 азамат оқып, сертификаттарын алды. Оның ішінде 25 (35,2%) адам жеке кәсіпкерлігін ашқан.1)93 азаматқа 400 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік грантты беру жоспарланған. 2)Аудан жастарына арналған шағын несиені 35 азаматқа беру жоспарланған. 3)Ауыл аманаты бойынша несие алып, 291 жұмыс орнының ашылуы жоспарланған.2024 жылы «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 6700 азаматты қамту жоспарланып, 1 тоқсанында 1844 азамат (26,1%) жұмыспен қамту шараларына тартылды. Оның ішінде:  Жұмыс берушілердің өтініміне сәйкес оқу орнында жұмыссыз 75 азаматты оқыту жоспарланған. Жұмыс орнында жұмыссыз 16 азаматты қайта даярлау оқу курсына оқыту жоспарланған. «Еnbek.kz» платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша жұмыссыз 220 азаматты онлайн оқыту жоспарланып, 220 азамат оқытылып сертификаттарын алды. Жастар практикасына оқу орнын бітірген жұмыссыз 480 азаматты жолдау жоспарланып, 33 азамат (6,9%) жолданды. Қоғамдық жұмыстарға елді мекендерде абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жұмыссыз 700 азаматты жолдау жоспарланып, 601 азамат (85,9%) жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыз 250 азаматты жолдау жоспарланып, 117 азамат (46,8%) жолданды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыстарға жұмыссыз 100 азаматты жолдау жоспарланып, 79 азамат (79%) жолданды.«Күміс жас»  жобасы бойынша жұмыстарға жұмыссыз 130 азаматты жолдау жоспарланып, 140 азамат (107,7%) жолданды.    2023 жылы «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы аясында жұмыссыз 5794 азаматты қамту жоспарланып, 1 тоқсанда 1734 азамат (29,9%) жұмыспен қамту шараларына тартылды. Оның ішінде: Бірінші жоба – Кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту.1)Жұмыс берушілердің өтініміне сәйкес оқу орнында жұмыссыз 23 азаматты оқыту жоспарланып, жергілікті бюджеттен қаржы қарастыру бойынша сұраныс жолданды.2)Жұмыс орнында жұмыссыз 13 азаматты қайта даярлау оқу курсына оқыту жоспарланып, жергілікті бюджеттен қаржы қарастыру бойынша сұраныс жолданды.3)Еnbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша жұмыссыз 110 азамат онлайн оқытылып, оқу сертификаттарын алды

Екінші жоба – Жұмыс орындарын субсидиялауды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау.1)Жастар практикасына оқу орнын бітірген жұмыссыз 625 азаматты жолдау жоспарланып, 34 азамат (5,4%) жұмыс беруші 17 мекемеге жолданды. 2)          Қоғамдық жұмыстарға елді мекендерде абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жұмыссыз 700 азаматты жолдау жоспарланып, 800 азамат (114,3%) жұмыс беруші 149 мекемеге жолданды. 3)Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыз 200 азаматты жолдау жоспарланып, 238 азамат (118,5%) жұмыс беруші 46 мекемеге жолданды.4) «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыстарға жұмыссыз  60 азаматты жолдау жоспарланып, 50 азамат (83,3%) жұмыс беруші 20 мекемеге жолданды.5)«Күміс жас»  жобасы бойынша жұмыстарға жұмыссыз 90 азаматты жолдау жоспарланып, 109 азамат (121,1%) жұмыс беруші 71 мекемеге жолданды.Үшінші жоба – Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беруді ұйымдастыру. 1)«Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік оқу курсын жұмыссыз 375 азамат оқып, сертификаттарын алды. 2)90 азаматқа 400 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік грантты беру жоспарланып, бірінші лекте арнайы құрылған комиссия отырысының шешімімен 22 азамат (24,4%) грантқа иеленді.3)Аудан жастарына арналған шағын несиені 27 азаматқа беру жоспарлануда.   Тұрақты жұмыс орындарына жұмыссыз 2120 азаматты жолдау жоспарланып, 264 азамат (12,5%) жолданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайын «әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бойынша берілген тапсырмасына сәйкес, ауданда 1370 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 187 (13,6%) жаңа жұмыс орны ашылды. «Ұлттық жоба аясында электронды еңбек нарығы арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу» бойынша белгіленген 28 жобадағы ашылған жаңа жұмыс орындарына жұмыссыз 382 азаматты жолдау жоспарланып, 23 (6,0%) азамат жолданды.  2024 жылдың бірінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алған отбасы саны – 484, адам саны – 2680.

2024 жылы Тең қоғам және қазына қария орталығын ашуға 129 млн теңге қаржы қаралды. 2024 жылы 49,8 млн. теңге – әлеуметтік пакет пен мектепке дейінгі жастағы балаларға тамақ себетіне, 340 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмекке, 612 млн. теңге – қоғамдық жұмыстарға, 144,7 млн. теңге жаңа бизнес–идея, иелері қайтарымсыз гранттарға, 810,7 млн. теңге – Жастар практикасына, 184,7 млн. теңге –  «Күміс алқа» жобасына, 168,7 млн. теңге «Алғашқы жұмыс орны» жобасына бөлінді.  Төлеби ауданында 47,1 мың адам жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар саны 2599 адам, жұмыссыздық деңгейі 5%. «Еңбек» бағыты бойынша 6832 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның 2848 тұрақты, 3984 уақытша. 2023 жылы 90 азаматқа қайтарымсыз грант берілді, 1035 кәсіпкерлік оқуға жолданды, 2848 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орнына 271 азамат, Жастар практикасы 363 азамат, қоғамдық жұмыстарға 937 азамат  жолданды. Атаулы әлеуметтік көмек  619 отбасыға 336 млн теңге төленді.

Previous Post

Еңбек адамы: Төлебилік тұрғын грант алып, өз-өзін жұмыспен қамтып отыр

Next Post

Төлеби ауданында «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы аясында жиын өтті

Related Posts

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

by Алаш Ақпарат
29/05/2025
0

Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған орта, сыртқы саясат...

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

by Алаш Ақпарат
29/05/2025
0

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығын дамыту ісі қарқынды жүргізілуде. Соңғы жылдары бұл салаға ерекше көңіл бөлініп, өңір экономикасының маңызды бір бағытына...

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

by Алаш Ақпарат
29/05/2025
0

Бүгін аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен 2024–2025 оқу жылының аяқталуына орай кеңейтілген мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы,...

ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

by Алаш Ақпарат
29/05/2025
0

Мемлекет басшысы жариялаған әлеуметтік әділдік қағидаты ұлттық бағдарымызға айналды. Елдің саяси ұстанымында басты орынға шыққан әлеуметтік саясат жалпыға тең мүмкіндік...

Next Post
Төлеби ауданында «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы аясында жиын өтті

Төлеби ауданында «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы аясында жиын өтті

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

29/05/2025
Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

29/05/2025
Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

29/05/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

Қазығұрт: Аудан басшысы өңір жастарымен кездесті

Қазығұрт ауданында жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,476)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

You cannot copy content of this page