Жылдағы дәстүрге сай қазан айының бірінші аптасында аудандық орталық мәдениет үйінде ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Н.Тұрашбеков, аудан мәслихатының депутаттары, зиялы қауым өкілдері, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері мен мектеп ұжымдары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында сөз алған аудан әкімі Н.Тұрашбеков, Елбасымыз өз сөзінде «Болашақ – білімді жастар қолында» десе, шәкірттің білімді де тәрбиелі, саналы болып өсуі ұстаз қолында. Сапалы білім беру, жақсыдан үйрену, жаңалыққа құштар болу үнемі жаңаруды, заман талабына сай алға қадам басуды қажет етеді. «Білімдінің қолында алтын шырақ» дейді халық даналығы, ұрпақ тәрбиесінде осы қағида ылғи да биік тұруы қажет-деп, аудандық білім беру саласында үздік нәтижелерді көрсетіп жүрген бір топ мүғалімдер мен осы саланың ардагерлерін Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен және алғысхаттармен марапаттады. Сонымен қатар шара барысында сөз алған аудан мәслихатының депутаты Менлібеков Айтбек Нарынбайұлы да мерекеге орай жылы лебізін білдірді.
Шара барысында ардагер ұстаздарға аудандық білім бөлімі тарапынан естелік сыйлықтар табысталып, концерттік бағдарлама тарту етілді.