Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметіне Көшқалиев Хаким Дүйсешұлы тағайындалды.
Еңбек жолын слесарь маманынан бастап, түрлі салаларда орындаушылық лауазымнан Департамент басшысына дейін бірқатар лауазымдарда қызметтер атқарған.
Х.Көшқалиев прокуратура, Әділет органдарында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында мол тәжірибе жинақтаған.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Штаб департаметінің басшысы қызметін атқарды.