Халықаралық қарттар күні меркесіне орай, Келес ауданы Абай ауылы «Нұр қожа» мейрамханасында Келес ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қариялар біздің – шежіреміз» атты мерекелік іс-шара өтті.
Жиында сөз алған аудан әкімі Ақментай Үсенұлы қарияларды төл мерекелерімен құттықтап, азаматтарға алғыс хат табыс етті. Бірқатар қарияларға емдеу-сауықтыру орталығына жолдама берді.
Мерекелік дастарханға ауданда абыройлы еңбек етіп, ерекше қажыр-қайратымен көзге түскен ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар жиналды. Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мерекелік концерт ұйымдастырып, әсем әнмен қариялардың көңіл күйін көтерді.
Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары!
Баршаңызды сенбі, 19 сәуір күні өтетін ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ қатысуға шақырамыз. Түркістан - тарихи, киелі, рухани шаһар. Өз қаламызды таза ұстайық!