Халықаралық қарттар күні меркесіне орай, Келес ауданы Абай ауылы «Нұр қожа» мейрамханасында Келес ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қариялар біздің – шежіреміз» атты мерекелік іс-шара өтті.
Жиында сөз алған аудан әкімі Ақментай Үсенұлы қарияларды төл мерекелерімен құттықтап, азаматтарға алғыс хат табыс етті. Бірқатар қарияларға емдеу-сауықтыру орталығына жолдама берді.
Мерекелік дастарханға ауданда абыройлы еңбек етіп, ерекше қажыр-қайратымен көзге түскен ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар жиналды. Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мерекелік концерт ұйымдастырып, әсем әнмен қариялардың көңіл күйін көтерді.
Сауран ауданында мешіттердің жай-күйі таныстырылды
Сауран аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков және жаңадан тағайындалған Сауран ауданының бас имамы Акауов Бауыржан, Шаға, Ескі Иқан...