ҚР Тұңғыш Президенті күні Түркістан облысы Кентау қаласында аталып өтті, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ тілшісі.
Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайына жиналған көпшілік Елбасына арналған кітап көрмесін тамашалады. Сондай-ақ, «Елін сүйген, Елі сүйген – Елбасы» атты салтанатты іс-шараны тамашалады. Онда қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.
– Өткен жылы Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялады. Ал, биылғы жылы “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаланы көпшілік назарына ұсынды. Түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапқан бағдарламалық мақалалар барша қазақстандықтар сияқты Кентау халқы тарапынан да бірауыздан қолдау табуы біз үшін қуанышты жағдай. Елбасы, Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегін ел-жұрты, туған халқы жоғары бағалайды. Біздің де Елбасына деген алғысымыз шексіз, – деді қала басшысы.
Салтанатты жиында қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев мерекелік құттықтауын жеткізді.
Іс-шарада қаланың саяса-әлеуметтік, мәдени дамуына үлес қосқан біршама сала қызметкерлері арнайы марапаттарға ие болды.