Түркістан облыстық Ішкі саясат басқармасы, “Бізбен бірге” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жастарға бағыт-бағдар беру, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау мақсатында «Ұлттық бірегейлікті сақтау бізге парыз» тақырыбында зиялы қауым өкілдерімен жастар арасындағы кездесу, семинар-тренингі өткізілді, деп хабарлайды alashaqparat.kz қоғам белсендісі Әсет Әссандидың фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
Кездесуге Бекзат мөлтек ауданының ардагерлер алқасының төрағасы Кеңес Нәсірәлі, зиялы қауым өкілі Тамара Қиямбекова, сондай-ақ, “Бізбен бірге” қоғамдық қорының президенті Ботагөз Ізтілеу қатысты. Семинар-тренинг барысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» айтылғандай сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселер талқыланды.