Түркістан облысы Отырар ауданында «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалының кезектен тыс ХХХVIІ конференциясы өтті.
Конференцияға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының Президиум мүшесі – Майра Арапқызы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі – Сәкен Нуриұлы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары – Қалима Жантөреқызы, «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі – Ерлан Қуанышұлы, Отырар аудандық мәслихатының хатшысы – Мырзахан Бексұлтанұлы, «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және өкілдері, мемлекеттік мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толғанын ерекше айта келіп, ұйым Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын басшылыққа ала отырып, заман талабына сай жаңа биіктерді бағындырып келе жатқанына тоқталды.
«Бүгінде елімізде ең басты «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толуда. Іргетасы 1999 жылы қаланып іске кіріскен партия көп уақыт өтпей-ақ зор сенімге ие болып, халық көкейінен шыға білді. Қазіргі күні ел ішіндегі ең ауқымды саяси жұмыстарды «Нұр Отан» партиясының қатысуынсыз елестету мүмкін емес. Бүгінде Түркістан облысында «Нұр Отан» партиясының 88 мыңнан аса мүшесі бар», – деді Қ. Жантөрева.
Конференция барысында Отырар ауданы әкімінің орынбасары П.Жаппарқұловтың ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру барысы туралы, «Нұр Отан» партиясы Фракция мүшесі Аралбай Дүйсенбайұлының «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы». Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі бойынша баяндамасы тыңдалды.
«Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абай Тінейбайұлы сөз сөйледі.
Сонымен қатар, аудандық конференция барысында 12 ақпан күні өтетін «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.
Жиыннан соң мәртебелі меймандар Отырардың брендіне айналған шұбат өндіретін «Отырар Сүт – Ет» өндірістік кооперативінің цехын аралап көріп, өлке тарихынан сыр шертетін археологиялық қорық-музейін тамашалады.
«Нұр Отан» партиясы ТОФ баспасөз қызметі