Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округіндегі “Қызыл Әскер”, “Шорнақ” “Т.Айтжанов” атындағы жалпы орта мектептерінде және “Қ.Рысбеков атындағы №5 мектеп интернатында” Этносаралық келісімді сақтау және деструктивті діни ағымдардың алдын алу” жөнінде жоғары сынып оқушылары арасында кездесу өтті.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің теолог маманы Б.Абдрахман, “Қоғамдық келісім” КММ-нің аудандық филиалының маманы Ж.Өтепбаев, Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі М.Қалеке, аудандық ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің теолог маманы Н.Тәжібай және мектеп оқушылары қатысты.
Кездесу барысында қазіргі таңдағы деструктивті діни ағымдар жайында және этносаралық келісімді сақтау мәселелері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу соңында мектеп оқушылары арасында діни сұрақтар бойынша сауалнама жүргізілді.