Бәйдібек ауданы әкімінің Өкімімен МӘСЕЛБЕК Әділхан Құралбекұлы 2022 жылдың 27 қыркүйегінен бастап, бірінші қол қою құқығы беріле отырып Бәйдібек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.
Әділхан Құралбекұлын орталық қызметкерлеріне аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
МӘСЕЛБЕК Әділхан Құралбекұлы 22 маусым 1993 жылы Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, отбасылы.
Алғашқы еңбек жолын 2016 жылдың сәуір айында Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің “Халықты жұмыспен қамту орталығының” жастар практикасына қатысушы болып бастап, Шымкент қаласы әкімдігінің “Халықты жұмыспен қамту орталығы” ұтқырлықты арттыру секторының маманы, әлеуметтік қолдау секторының маманы, Шымкент қаласы әкімдігінің “Халықты жұмыспен қамту орталығы” Абай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің маманы, Шымкент қаласы әкімдігінің “Халықты жұмыспен қамту орталығы” Әл-Фараби ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің маманы болған. 2020 жылдың 15 қазанынан бастап бүгінгі күнге дейін Бәйдібек ауданы әкімдігінің “Халықты жұмыспен қамту орталығы” директорының орынбасары қызметін атқарған.