Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков бүгін азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Кезекті қабылдауға Борлысай және Шаян ауылдық округінен жазылған азаматтар өз өтініштерін білдірді. Тұрғындар негізінен тұрғын үй, жер, әлеуметтік көмек мәселелері жөніндегі талап-тілектерін жеткізді.
Аудан әкімшілігінің ғимаратында өткен қабылдауда аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы мен бөлім, мекеме басшылары және ауылдық округі әкімдері қатысты.
Тұрғындардың айтқан ұсыныстары жөнінде аудан басшысы қолданыстағы заң аясында жауабын беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде сала бойынша орынбасарлары мен тиісті бөлім, мекеме басшыларына және ауылдық округі әкімдеріне бірқатар тапсырма жүктеді. Орындалуын өзінің бақылауына алды.