Ордабасы аудандық Жастар сарайында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру-басты мақсат» тақырыбында семинар-конференция өтті. Жиынға белсенді жастар, жас мемлекеттік қызметшілер, жастар практикасымен жұмыспен қамтылған жастар, білім беру мекемелерінің басшылары қатысты. Басқосуда Ордабасы аудандық жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілі, аудан әкімі аппаратының басшысы Мейрамбек Ақмұратов төрағалық етті.
Семинар-конференцияда аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Б.Бекбосын, аудандық қоғамдық кеңес жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет төрағасы Ғ.Зиябек, ауданның бас имамы А.Керімбаев, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маман заңгері М.Молдабаев баяндама жасады..
Мәжілісті аудандық жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілі, аудан әкімі аппаратының басшысы М.Ақмұратов қорытындылап семинар барысында түскен сұрақ, ұсыныс- пікірлерге жауаптар берілді.