Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков бекітілген кесте бойынша Қаратау мәдениет үйінде Боралдай ауылдық округі тұрғындарымен жоспарлы кездесу өткізді.
Кездесу жиыны барысында аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы ауылдық округ аумағында келер жылы атқарылатын жұмыстармен, оның ішінде табиғи газбен қамтамасыз ету, ауыз су, электр энегиясы, Ж.Боралдай елді мекенінен жаңа мектептің құрылыс және биылғы жылы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті.
Ауыл тұрғындары тарапынан округ орталығындағы көшеге камера орнату, жаңбырлы уақыттарда электр энергиясының жиі өшуі, медицина саласы мен басқа да әлеуметтік мәселелер көтерілді.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі тиісті мекеме басшыларымен бірге жауап берді. Әрбір айтылған ұсыныс пікірлер назарға алынып, атқару үшін мерзімі белгіленіп, хаттамаға енгізілді.
Аудан әкімінің Боралдай ауылдық округі тұрғындарымен өткен жиынына аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан қатысты.