Сауран ауданы, Шаға елді-мекенінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты жауын шашынның шамадан тыс жаууына және жауған қар, мұздықтардың еруіне байланысты арық атыздардан судың тасуына байланысты төтенше жағдай орын алған болатын.
Қазіргі таңда аудан әкімдігінен жедел шара қабылданып, елді мекенде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, елді мекенге табиғи газ төтенше жағдай орын алған кезде уақытша ажыратылып, қазіргі таңда қайта берілді.
Осы бойынша Шаға елді мекенінің тұрғыны Забидулла Ибадуллаев қалпына келтіру жұмыстары бойынша тиісті жұмыстарды атқарған азаматтарға алғысын білдірді. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы А.Сейденбек атқарылған жұмыстар бойынша баяндап өтті. Қазіргі таңда жағдай тұрақты.
ӘДІЛДІК – ҰЖДАН ІСІ
Қазақ елі қай кезде де мемлекеттік мұратын көздеген ел. Тарихи тағдырымызды парақтасақ, ұлт ретінде қалыптасу жолымыздың қилы болғанын, қашан да...