Өткен жылы «Turkistan» халықаралық әуежайында «Түркістан-Қарағанды» әуерейсі ашылған болатын. Рейс аптасына 2 рет сәрсенбі және жексенбі күндері қатынайды. Ұшу уақыты – 2 сағат 30 минут. Ересектер үшін билет құны – 20 мың теңге.
Биылдан бастап «Түркістан-Қарағанды» әуерейсін «Оңтүстік аспаны» АҚ әуекомпаниясы орындайды. Рейстерге билеттерді комиссиясыз әуекомпанияның ресми интернет сайтынан www.hisky.kz алуға болады. Сондай-ақ, аталған бағытта билеттерді онлайн www.aviata.kz агенттік сайтында, қаланың авиакассаларынан алуға болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі