- Халықаралық кітап сыйлау күнін 2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен болатын. Атаулы күнге орай бүгін киелі шаһар қонақтары мен кітапсүйер қауымға қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің арнайы сыйлығы табыс етілді.
Қала қонақтары өз кезегінде тарихы терең Түркістан туралы әсерлерімен бөлісіп, ізгі тілектерін арнады.
Жалпы қалаға келуші туристер қатары жыл сайын артып келеді. 2022 жылы бұл көрсеткіш 1 млн 451,5 мың адамды құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға артты.
Қалада туризм саласындағы кадрларды даярлау жұмыстары да жоғары деңгейде дамып келеді. Мысалы, 2020 жылы «Халықаралық туризм және меймандостық» университеті ашылды. Қазіргі таңда оқу орнында 1810 студент тәлім алып, біліктілігін шыңдауда. Сондай-ақ қалада Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде және Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде туризм саласында кадрлар даярланады.