Сауран ауданының белсенді жастарына “Әлеуметтік желідегі керағар діни топтардың қауіптілігі” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түсіндірме жұмыстарын Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің теолог маманы Н.Тәжібай жүргізді.
Кездесу барысында теолог маман Н.Тәжібай қазіргі таңдағы әлеуметтік желідегі керағар діни топтардың қауіптілігін атап өтті. Әлеуметтік желілерде кез-келген діни топтарға жазылып, олардың жазбаларымен бөлісу қауіпті екенін жеткізіп, әлеуметтік желілерде сауатты болуға шақырды.