ҚР Конституция күні мерекесіне орай Сарыағаш ауданында заманауи үлгідегі 300 орындық жаңа мектеп ашылды. Ақжар ауылдық округі, Бағыс елді мекеніндегі №23 Ғ.Мұратбаев атындағы білім ұясының ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып қатысып, оқушылар мен ұстаздарды, ауыл тұрғындарын құттықтады.
Мектепте оқушылардың алаңсыз білім алуына қолайлы барлық жағдай жасалған. Мектептегі су мен жылу және санитарлық құбырлары орталықтандырылған. Білім ұясында спорт залы, кітапхана, оқу залы бар. Сондай-ақ, химия, физика, еңбек және информатика кабинеттері толықтай заманауи құрал-жабдықтармен және интерактивті тақтамен жабдықталған. Одан өьек, тігін үйірмесіне толықтай жабдықталған бөлме, кең спорт залы, асхана және медициналық бөлмесі бар. Сонымен қатар, өртке қарсы дабылқаққыш, сыртқы және ішкі бейнебақылау камералары, жеделсаты да орнатылған.