Бүгін елімізде Президент сайлауы басталды. Түркістан облысы бойынша 919 сайлау учаскесі таңғы 07:00-ден бастап дауыс берушілерді қабылдауда.
Ал облыс орталығында 50 сайлау учаскесі бар. Солардың бірі №133 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков де өз таңдауын жасады.
Айта кетейік, Түркістан облысындағы қала мен аудандарда қоғамдық көліктер тегін қатынауда. 18 жасқа толған еліміздің кез келген азаматы Президент сайлауында дауыс бере алады.