Бүгін Сайрам ауданында «30 тамыз – ҚР Конституция күні» мерекесіне орай спорт кешені ашылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Сәбитов қатысып, өскелең ұрпақты ептілік пен төзімділікке тәрбиелеп, салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорт нысандарының маңызы зор екенін атап өтті.
Спорт кешенінде күрес, воллейбол, баскетбол, кіші футбол, гимнастика, жүзу, бокс және үстел теннисі сияқты спорт түрлеріне баулуға барлық жағдай жасалған. Манкент ауылында орналасқан спорт кешенінде 20 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы нысан құрылысына 450 млн. теңге жұмсалған. Аталған ғимараттың құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталған болатын. Айта кетейік, жұмысшылардың орташа жалақысы 150 мың теңгені құрайды.
Жаңа спорт нысанының пайдалануға берілуі аудандағы бұқаралық спортты дамытуға, сондай-ақ жаңа жұмыс көздерінің ашылуына сеп болмақ.